2. – Т = 60ºС; 3. – этан-пропанды қоспамен
Сандық өзгеру басқа да көптеген қосымша факторларға байланысты: мұнайдың химиялық құрамына, газ құрамына (сурет 6.1., 3-қисық сызық), еріген газ мөлшеріне және т.б.
Мұнайда еріген газ мөлшерінің артуымен мұнайдың газбен шекарасындағы беттік керілу өлшемі төмендейді.
Өндірістік тәжірибеде кездесетін, сумен шекарадағы аз полярлы мұнайдың беттік керілуі қысым мен температураға тәуелді емес
Сурет 6.2. Т = 20ºС кезінде Туймазинск кен орнының мұнайының беттік керілуінің сумен шекарасында қысымға тәуелділігі.
Жоғары полярлы мұнай үшін оның беттік керілуі сумен шекарасында қысым мен температураның артуына байланысты жоғарылауы мүмкін. Мұнайдың газбен қанығу жағдайында температура мен қысымға байланысты сумен шекарасында беттік керілу тәуелділігімен күрделі сипатта болады (сурет 6.3).
Мұнайдың газбен қанығуына байланысты кен орынның қатары бойынша өлшемі мына аралықта болады: 0 ден 26,5 МПа-ға дейін қысымның өзгеруі кезінде 3-6 мН/м.
Сондықтан сұйық-жыныс шекарасындағы беттік құбылыстарды зерттеу үшін жанама әдістерді қолданады: адгезия және когезия жұмыстарын өлшеу, дымқылдағыш және аққыштық құбылыстарды зерттеу, дымқылдағыш жылуын зерттеу.
Сурет 6.3. Т = 20ºС кезінде Небитдагск кен орнының мұнайының беттік керілуінің сумен шекарасында қысымға тәуелділігі:
1. – екі фазаның метанмен қанығуы кезінде; 2. – екі фазаның этан-пропан қоспасымен қанығуы кезінде
1. Дымқылдану және шеткі бұрыш
Дымқылдану деп бір фазасы әдетте қатты және қалған екеуі араласпайтын сұйық немесе сұйық және газ болатын, үш фазаның шектесу шекарасындағы құбылыстарының қосындысын айтады.
Егер бет жақсы дымқылданатын болса, бетпен сұйық тамшысы жақсы ағады, ал егер бет нашар дымқылданса,онда сұйық тамшысы ақпайды.
Дымқылданудың интенсивтілігі дымқылданудың шеткі бұрыш өлшемімен сипатталады. (сурет 6.4).
Сурет 6.4. Шектесетін фазалардың әртүрлі шекарасында беттік керілумен шартты болатын, тамшы формасы
Шеткі бұрыш полярлы фаза маңына қарай өлшенеді (берілген жағдайда су маңына қарай). Шартты түрде 1-су фазасы, 2-көмірсутекті сұйық немесе газ, 3-қатты зат.
Болжаммен, шеткі бұрыш термодинамикалық тепе-теңдікке жауап береді және Юнг теңдеуін аламыз:
Бұдан шеткі бұрыш теңдігін аламыз:
Егер 2,3 > 1,3, онда 0 < cos < 1, бұдан, бұрышы – сүйір, ал беті – гидрофильді.
Егер 2,3 > 1,3, онда –1 < cos < 0, бұдан, бұрышы – доғал, ал беті – гидрофобты.
Гидрофильді беттерге силикаттар,карбонаттар,темір оксиді,ал гидрофобты бетке парафиндер,майлар,таза металлдар жатады.
Дымқылданудың шеткі бұрышы беттің құрылысына, сұйық және газдың адсобциясына, температураға, қысымға, БӘЗ бар болуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |