Белоктар гидролизденгенде амин қышқылдарын түзетін жоғары молекулалы органикалық қосылыстар, биополимерлер. Белоктар мен пептидтер тек α-амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.
Аминқышқылдары – гетерофункционалды органикалық қосылыстар, құрамында карбоксил
– СООН және амин – NH2 тобы бар көмірсутек туындылары. α-Аминқышқылдарда бұл екі топ
α-Аминқышқылдары радикалының түріне қарай алифатты, ароматты және гетероциклді болып бөлінеді.
Құрамындағы карбоксил және амин тобының санына қарай:
а) Моноаминомонокарбон қышқылдары немесе нейтралды.
б) Моноаминодикарбон қышқылы немесе қышқылды.
в) Диаминомонокарбон қышқылы немесе негіздік.
г) Диаминодикарбонқышқылы немесе нейтралды.
3. Құрамында қосымша функционалдық тобы болса, мысалы гидроксил тобы – ОН болса, гидроксиаминқышқылдары деп, ал сульфгидрил тобы – SH болса, күкіртті амин қышқылдарыдеп атайды. Ал = NH тобы болса, иминқышқылдарыдеп аталады.
Аминқышқылдарын алмастырылатын және алмастырылмайтын деп екі топқа бөледі.
1. Алмастырылатын – бұл организмде синтезделетін α- аминоқышқылдары.
2. Алмастырылмайтын – бұл адам, жануар организмінде синтезделмейтін α-аминоқышқылдары. Бірақ оларды организмге тамақтың құрамында міндетті түрде енгізу қажет, себебі бұл аминқышқылдары тағам белогының құрамында болмаса, организм патологиялық өзгерістерге ұшырайды.
Алмастырылмайтын α- аминқышқылдары – 8, бұларға тармақталған тізбекті α-аминқышқылдары: валин, лейцин, изолейцин жатады және метионин, треонин, лизин, триптофан, фенилаланин жатады. Екі амин қышқылы шартты түрде алмастырылатын амин қышқылына жатады: аргинин, гистидин, өйткені олар организмде синтезделеді, бірақ жеткіліксіз мөлшерде. Табиғи белоктардың құрамында α-аминқышқылдарының тек L – қатары кездеседі.
COOH COOH
H NH2 H2N H
CH3 CH3
D (-) аланин L (+) аланин
Номенклатурасы.
Амин қышқылдарды амино топтың орындарын грек алфавиттің әріптерімен белгілеп, әдетте өздеріне сәйкес келетін карбон қышқылының туындылары ретінде алады. Оларды жүйелік (халықаралық) және тарихи атауымен де атауға болады.