Дәріс 4 Тақырып: Қазақстанның Орталық Азиядағы қауіпсіздік стратегиялары



бет4/5
Дата31.01.2022
өлшемі23,58 Kb.
#116524
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 4 Кауіпс стратегия

3.Қазақстан – Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі  мен тұрақтылығы үшін ең  көп күш жұмсайтын мемлекет. Қазақстан Иран, Ауғанстан, Қырғызстан мен Өзбекстан сияқты мазасыз мемлекеттермен қоршалған. Таяу Шығыс пен Орта Азия халықтарының ең үлкен мәселесі білімсіздік пен кедейлік. Яғни білім мен адами даму деңгейінің төмендігі діннің, қоршаған орта мен дүниенің қате түсінілуіне алып  келеді.  Білім  мен  экономика  әлсіз болған сайын, жұмыссыздық та арта түседі. Қазақстанда Түркия мен Малайзиядағыдай исламның толерантты және жұмсақ үлгілеріне қолдау көрсеткен жөн. Салафи және такфири топтар толеранттылық пен қоғамдық келісім мәселесіндепайдалыпікірұсынаалмасыдаанық. Президент Н. Назарбаев айтқандай, мұсылман әлемі жаһандық экономикалық өзгерістер мен саяси үрдістерге бейімделуі керек.

Ауғанстандағы ахуалдың қалпына келіп, тынышталуы Қазақстан үшін расында өте маңызды. Қазақстан – Ауғанстанға жәрдем берудің толық, жан-жоспарын әзірлеген жалғыз Орталық Азиялық мемлекет. Орталық Азия жаңа өзгерістер кезеңіне аяқ басып отыр. Осы тұрғыда аймақтық қауіпсіздік мәселесі үлкен мәнге ие болары сөзсіз. Бірақ 2014 жылы İsaF әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуы аймақта өмірдің аяқталғанын білдірмейді. Өкінішке орай, Ауғанстан әлі аймақтық тұрақсыздық пен экстремизмнің ошағы болып отыр [4, 2 б.].

Қазақстан Орталық Азия елдерінің тұрақтылық пен бейбітшілікте өмір сүргендігін қамтамасыз ету мақсатында қолынан келгенше әрекет етуде. Қазақтар өздеріне тән терең қауіпсіздік ұғымдарын аймақтағы басқа халықтармен бөлісуі қажет. Мәселелердің қақтығыс пен соғыс жолымен шешілмейтіндігін халқымыз өте жақсы түсінген. Әрбір халық тұрақтылықты, өрлеу мен бейбітшілікті таңдайды. Қазақстан қоршаған ортасы тұрақты, тыныш болғанда ғана бірқалыпты дами алады. Тұрақты, сенімді және қауіпсіз көршілермен қоршалған мемлекет әртүрлі сыртқы қауіптерден қорғалған деуге болады [5, 2 б.].

Кез келген ұлттың күшеюі, жаңалануы, өсуі және дамуы тек тұрақты жағдайда ғана жүзеге асады. Міне, қазақ халқына тән қауіпсіздік ұғымы осындай. Егер әрбір ел осындай байсалды ұстанымға ие болғанда, аймақта және дүниеде бейбітшілік пен сенімділік салтанат құратын еді. Қазақстанның қауіпсіздік стратегияларының негізін қазақы үлгідегі қауіпсіздік ұғымдары құрауы тиіс.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет