Кеңістіктік орналасудағы айырмашылықтың мәні- түрлердің әртүрлі стацияларды таңдап алуында. Үлкен ала тоқылдақ азығын ағаштардың діңінен, орташа тоқылдақ – ірі бұтақтардан, ал кіші тоқылдақ - бөрік басынан ұсақ бұтақтарынаніздейді.
Азықтық мамандану бойынша-экологиялық диверсификация кеңтаралғанқұбылыс. Жануарлардың жақын туыстас түрлерінен қоректік мұқтаждықтарыәртүрліболатындығы көптеген мысалдардан дәлелденген. Мысалы, бірнеше симпатриялық түрлергежататыншөл кесірткелерінің біреулерінің азықтық рационы- құмырсқадан, екінші біреулерінікі- термиттерден, үшіншілерінің - кесірткенің өзге түрлерінен немесе өсімдіктерденғанақұрылады. Қуыстың бөлінуі көп жағдайда түрлер белсенділігінің уақыт бойынша сәйкес келмеуімен сабақтасады. Тәуліктің немесе маусымдық белсенділіктің әртүрлітиптеріосыған мысал болады. Мысалы, қоңыржай белдеулерде бау шымшығы менқарабасшымшықтың жұмыртқалау мерзімдерінде екі аптадай айырмашылық бар. Тропиктерде бұл түрлер жылонекі айбалапандарбасады,себебіолардыңқоректенуіүшінқажетжәндіктердіңүнемімолболуы
бәсекелестікті бәсеңдетеді.
Экологиялық қуыс түсінігін пайдаланып, Гаузе принципін былай нақтылауға болады: екі түр бір экологиялық қуыста қатар тіршілік ете алмайды. Сонымен, организмдердің кеңістіктегі орны, бірлестіктегі қызметтік ролі және ортаның факторларына төзімділігі сияқты тіршілік шарттарына организмнің барлық талаптарының жиынтығы - экологиялық қуыс деп аталады.