Дәріс. Білім беру саласындағы жобалаудың педагогикалық мәні мен мазмұны. Мақсаты



бет3/3
Дата27.03.2022
өлшемі30,19 Kb.
#136962
1   2   3
Байланысты:
Дәріс. Білім беру саласындағы жобалаудың педагогикалық мәні мен мазмұны.

3. Жобалаудың педагогикалық мәні. Педагогтыңжобалық әрекетін талдау үшін болмысты тану мен қайта қалыптастыру тәсілі ретіндегі идеяға көңіл аударайық:
· «Жоба» сөзіне қатысты алға озу, перспективалар идеясы
· Жобалау пәнінің өзекті мәселесі мен қалауының(ол қандай болуы керек) арасындағы «потенциал әртүрлілігі» идеясы

· Болашаққа қадам идеясы(келешек қажеттілігіне біртіндеп,кезеңімен жақындау, ұғымды Н.А.Берштейн енгізді)


· Жобалау барысында ресурстар мен күш-жігердің бірігушілігі, ортақтылығы, бірлестігі
· Ортақ іс-әрекетті орындау жоспарын сақтау бойынша қатысушылардың «белсенділіктерінің бөлінуі» идеясы(В.Х.Килпатрик ұсынған жоба әдісі)
Жобалық әрекет қоғамдық сипатты айқын көрсетеді. Бұл жоба мәселесін таңдауда әлеуметтік келісіммен, жобалауда коммуникацияның күрделі түрлерін қолданумен, басқа адамдармен пәндәк не кәсіби салада өзін-өзі басқару қажеттілігімен, әлеуметтік маңызды нәтижеге жетумен байланысты.
Жобалаудың ерекшелігі-жаңа өнім құру және тек көрінуі мүмкін екендігін өз мезгілінде тану. Ол шынайылықтың ғылыми-болжамдық елестетудің типі болып табылады және оны тәжірбие дамуның талаптарына сәйкес қамтиды және өзгертеді. Жобалық әрекет-бұл толық аяқталмаған әрекетті(сол мезеттегі) өзгертуге әрдайым талаптанушылық және сол сияқты жобалау авторларының пікірі бойынша келешекке баңытталушылық. Педагогикалық жобалаудың бұдан басқа мақсаты-адамдардың өзгеруі, жобаның іске асуы.
Тәжірбие дәлелдегендей, жобалық әрекет объективті түрде педагогикалық потенциалға тән. О.С.Газман бойынша, бұл-автодидактизмнің ерекше тікелей нәтижемен қатар(жоба құрумен байланысты) жаңа білімді игеруді қамтамасыз ету, жаңа түсінік қалыптастыру, жаңа атаулардың, құндылық динамикасының барысында жаңа ақпарат алумен, басқа ойлап табушының ұстанымымен, «адам жағдайын басқару» ұстанымымен бірге белсенділіктің жаңа түрлерін игерумен байланысты(Бедерханова В.П. Становление личностно ориентированной позиции педагога.-Краснодар, 2001.-с.171). Мұны жобалық әрекетке енгізу кез-келген жастағы адам ұстанымын өзгертеді,оны әлкуметтік өзін- өзі басқару мен қоршаған әлемді қайта қалыптастыруға қатысу дың субъективтік формасын өзгертеді. Жобалаудың тұлғалық-әрекеттік бастамасы өзін-өзі жетілдіруге түрткі болады. Бұл таңғаларлық жайт емес, жобаланатын тақырыпта өзіндік «Менін» іспен көрсетуде педагогикалық салдардың ұзағынан созылары белгілі. Жобалық әрекет ерекше жобалық талантқа қатысты, оған қоса балалар мен ересектердің қайнар көзі ретіндегі тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, адамның барлық тұлғалық құрылымын тәжірбие жүзінде дамытады. Жобаға қатысушыларда жоспарланған өнімнен басқа жобалық әрекеттің ірбір кезеңінде белгілі бір тұлғалық жетілу қалыптасады. Құндылық, норма, мақсат қою динамикасы айқын көрінеді.
Жобалық әрекет басқа әрекеттің фрагменті болып табылатын іс-әрекеттерден қалыптасқан мозаичной природой ерекшеленеді. Осы арқылы жобалық әрекетке қатысу потенциалының дамуы жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде белсенділік түрлері мен формаларын игеру қажеттілігі мен мүмкіндігі арқылы артады. Мұнда сөз диагностикалық, болжау, бағалау іс әрекеті туралы, ойлау және жоспарлау, қолдау, басқару, коммуникация,экспертизамен байланыста болатын ойлау және практикалық процедуралардың әр түрлі формалары мен түрлері туралы айтылған. Жобалауды ұйымдастырушыларға қатысты мынадай маңызды сұрақ туындайды: жобаны іске асыруда қайсысы септігін тигізеді(приоритетке септігін тигізеді): қол, сана, сана-сезім? Осыған байланысты, жобалық әрекеттің жетекші адамзаттық бастамасы не болып табылады? Бұл сұрақтың жауабы жобаға кіретін дамушы потенциалды қолдануға байланысты. Кез келген адамға жобаға енуі барысында қоршаған ортаға басқаша қарау, іздену белсенділігі пайда болу және шынайылыққа қызығушылығы арту мүмкіндіктеріне ие болады. Сонымен қатар, онда шығармашылық елес пен сыни ойлау қасиеттері дами бастайды. Бұдан басқа, жобаға қатысушылардан ерік-жігер мен табандылық,дербестілік пен жауапкершілік, өзін-өзі тәртіптілікке үйрету талап етіледі. Бұл талаптарды ескермеу – жобалау логикасын алдын-ала қарастыратын нақты анықталған қадамдардан жүйелі өту қиынға соғады. Жобалық әрекеттің әрбір қатысушысы басқа адамдармен бірге іс атқаруы қажет, бұл олардың коммуникациялық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Оған қоса, жобалық әрекет алынған нәтиже жаңашылдықтары қатысушының әсерленуімен рефлексияға қабілеттілігінің даму мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Тұтастай алғандағы, жобалауға тән белгілер білім беру саласындағы жобалық әрекетте кең таралған. Алайда, бұл - барлық әлеуметтік-психологиялық «иемдену» жобалық әрекет қатысушысының әрқайсысында кездеседі деген сөз емес. Жобалаудың әр кезеңіндегі педагогикалық өнімділік шарттары бар. Бұл педагогикалық әрекет мазмұны, ерекшелігі мен даралылығымен толықтырылады. Білім беру саласында жобалық әрекеттің өзіндік мақсаты болмайды. Ол педагогикалық мақсатқа тәуелді және оған жету тәсілі ретінде рөл атқарады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жобалық процедуралар шеңберіне не кіреді?
2. «Мақсатты жоба» түсінігіне анықтама беріңіз
3. Қалай ойлайсыз, жобаны іске асыруда қайсысы септігін тигізеді: қол, сана, сана-сезім?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет