Деңгейлік (деңгей астылық) ағу Сұйықтықтың атмосфераға емес, дәл осы сұйықтықпен толтырылған кеңістікке ағуы іс жүзінде жиі кездеседі (7.5- сурет). Мұндай жағдай деңгейлік ағу немесе су басып кеткен саңылаумен ағу деп аталады.
Сурет 7.5- Деңгейлік ағу
Бұл жағдайда ағынның барық кинетикалық энергиясы кенеттен ұлғаю кезіндегі сияқты құйын түзілуге шығындалады.
Ағынның сығылған қимасындағы жылдамдық
(7.8)
мұндағы φ – жылдамдық коэффициенті;
Н –есептік арын.
(7.9)
Сұйықтық шығыны мынаған тең
(7.10)
Сонымен, ауаға (газға) ағу кезіндегідей есептеу формулаларын аламыз, тек қана есептік арын Н берілген жағдайда екі қабырғасы бойынша гидростатикалық арындардың айырымы түрінде болады, яғни, аталған жағдайда сұйықтық жылдамдығы мен шығыны саңылаудың орналасу биіктігіне тәуелді емес.
Деңгейлік ағу кезінде сығылу мен шығын коэффициенттерін ауалық ортаға ағу кезіндегідей қабылдауға болады.