Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


-дәріс. Қазақстан Республикасы-демократиялық, егеменді, тәуелсіз мемлекет



бет18/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
4-дәріс. Қазақстан Республикасы-демократиялық, егеменді, тәуелсіз мемлекет.
Дәріс жопары:
1. Демократиялық мемлекетте биліктің бірден бір бастауы-халық.
2. Республика қызметінің түбегейлі қағидаларының конституциялық негізі.
3. Демокртия ұгымы және оның негізгі белгілері
4. Егемендік тәуелсіздік ұғымдрының байланысы
ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.
Конституция Қазақстанда мемлекеттік биліктің бірден-бірі өзі халық деп анықтайды.
«Халық» сөзі заңдық көзқарас тұрғысынан «азамат» түсінігімен теңестіріледі және адамдар тобының белгілі бір мемлекетке тиістілігін анықтайды. Халық мемлекеттің құқықтық субстратын құрайды.
Билік біреуді өзіне бағындыру мүмкіндігін көрсетеді, өзінің еркіне басқаларды бағындырады. Мемлекеттің пайда болуымен, мемлекеттің маңызды бір белгілерінің бірі мемлекеттік билік те пайда болады. Мемлекеттік биліктің қоғамның барлық мүшелерін өзіне бағындырудың негізгі элементі жалпы ерік пен күш қабілеті бар. Мемлекеттік билік мемлекеттің егемендігін сипаттайды. Мемлекеттік егемендік – бұл ел ішіндегі мемлекеттік биліктің жоғарылығы (мемлекет территориядағы заң шығару, тақару және сот билігінің толық жүзеге асуы) және оның халықаралық қатынастар сферасында шет ел мемлекеттерінің билігінен тәуелсіз болуы. Мемлекеттік биліктің жоғарылығы және тәуелсіздігінен басқа, мемлекеттік егемендік оның бірлігінен де көрінеді.
Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.
Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлаумен қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикада ешкім билікке иелік ете алмайды. Халық пен мемлекет атынан сөйлеу құқығы Президентке, сондай-ақ оның конституциялық өкілеттілігі шегінде Республика Парламентіне беріледі. Үкімет халық атынан сөйлей алмайды және оның тек мемлекет атынан сөйлеу құқығы бар.
Осылайша халық еркін көрсету формасы бойынша өкілді және тікелей демократия деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет