Дәріс кешені 1-дәріс. Тақырып: Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны


-дәріс. Тақырып: Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау



бет17/33
Дата10.12.2021
өлшемі317 Kb.
#78871
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
Эк талдау (1)

8-дәріс. Тақырып: Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау

Дәрістің мақсаты: студенттерге ұйымның еңбек ресурстарына талдау жасау негіздемесін қарастыру және түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1 Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді талдау.

2 Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.

3 Еңбек өнімділігін талдау.

4 Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.

5 Өндірістің негізгі құралдармен қамтамасыз етілгендігін талдау.

6 Материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді талдау. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау.

Дәрістің негізгі мазмұны

Кәсіпорынның еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау. Жұмыс уақыт қорын пайдалануды талдау. Еңбек өнімділігін талдау. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды талдау. Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау.

Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді талдау. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылуы және оларды тиімді пайдалануы барлық жұмыстардың уақытылы және көлемді орындалуына, механизмнің, машина, құрылғыларды мақсатты қолдану деңгейіне, өнім өндірісінің көлемі, оның өзіндік құны, пайда, тағы басқа эко-номикадық көрсеткіштерге әсер етеді.

Талдаудың негізгі міндеттері:



  • Кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелері-нің сапалы және санды параметрлерге байланысты еңбек күшімен қамтылыуын зерттеу;

  • Кәсіпорындағы еңбек күшін пайдалануды интенсивті, экстенсивті және эффективтілігін (мақсатты) бағалау;

  • Кәсіпорынның еңбек күшін пайдаланудағы толықтылығын және мақсаттылығын анықтау.

Ақпараттың қайнар к өздері – еңбек жоспары, статистикалық есеп, ''Еңбек бойынша есеп'', табельдік есеп ақ-параттары және кадр бөлімінің есебі.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылуын жұ-мысшылардың категориялары мен мамандығына байланысты санын факттық жоспарлық сұраныс бойынша еңбек күшін салыстыру арқылы анықталады. Кәсіпорын маңызды мамандықтар бойынша жұмыс атқаратын еңбекшілерді талдауға көп көңіл бөлінеді. Жұмысшыларды квалификация деңгейіне байланысты сапалық құрамын талдау да маңызды. Квалификация деңгейі жұмысшының жасына, жұмыс стажына, білім деңгейіне т.б байланысты. Сондықтан талдау барысында жұмысшының құрамының өзгеруі осы балгілерге байланысты зерттеледі. Жұмысшының сапалық өзгеруі олардың қозғалысына байланысты өзгеріп отыратындықтан, талдау барысында осы сұраққа көп көңіл бөлінеді.

Жұмысшылардың қозғалысын анықтау үшін келесі көрсеткіштің динамикасын талдайды:

1) Жұмысшылардың жұмысқа орналасу айналымының коэффиценті (Кпр):


Кпр = жұмысқа қабылданған персонал саны

орташа тізім бойынша персонал саны
2) Жұмыстан шығу айналымының коэффиценті (Кв):
Кв = жұмыстан шыққан еңбекшілер саны

орташа тізім бойынша персонал саны
3) Кадрлардың ағылуылық (текучесть) коэффиценті (Ктк):
өз еркімен және ереже бұзғаны үшін жұмыстан боса- тылғандарсаны

Ктк = орташа тізім бойынша персонал саны


4) Кәсіпорын жұмысшыларының құрамының тұрақтылық коэффиценті (Кпс):
К пс = толық жыл бойы жұмыс істеген жұмыстар саны

кәсіпорын жұмысшыларының орташа тізім бойынша саны


Кәсіпорын жұмысшыларының жұмыстан шығу се-бептерін зерттеу керек: өз еркімен, кадрларды қысқарту, еңбек дисциплинасын бұзғандықтан. Кәсіпорындарды еңбек ресурстарымен қамту мәселесі толық қолда бар еңбек ресурстарын қолдану арқылы, еңбек өнімділігінің өсуі, өндірілісті интенсификациялау, өндіріс процестерін комплексті механизациялау және автоматизациялау, жаңа өндіруші қабілеті жоғары техниканы енгізу арқылы, технология мен өндіріс процестерін дамыту арқылы жеңілдетуге болады. Егер кәсіпорын өз қызметін кеңейтсе, өндіріс күштерін, қуаттылығын арттырса, жаңа еңбек орнын ашса, еңбек ресурстарының қосымша категориялар мен мамандығы бойынша және оларды еліктіру қайнар көздері бойынша жаңа жұмыс орнын анықтау.

Өнім көлемінің қосымша еңбек күші есебінен көбею қоры олардың өсімінің факттық орташа жылдық бір жұмыстың есеп периодына көбейту арқылы анықтаймыз:

Р↑ВП=Р↑КР x ГВ1

Мұндағы:


Р↑ВП - өнім көлемінің өсу қоры (ӨК↑Қ)

Р↑КП – жұмыс орны санының өсу қоры (ЖС↑Қ)

ГВ1 – факттық орташа өндірудің жұмыстық есеп периоды.
Жұмыс уақыттың қорын пайдалануды талдау. Жұмысшылардың толықтай қолданысын талданатын уақыт аралығындағы бір жұмысшының атқарған күндері мен сағаттары; жұмыс уақытының қорын қолдану дең-гейіне байланысты бағалауға боолады (ЖҰҚ). Бұндай талдау жұмысшының жеке категориясына, өндірістік салаға, барлық кәсіпорын бойынша да жүргізіледі.

ЖҰҚ жұмысшы санына, орташа бір жылдағы жұмыс атқарған күнінің санына, орташа жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты. Оны келесідей жазуға болады:


ЖҰҚ = ЖС x К x Ұ

(ФРВ = ЧР x Д x П )

Жұмыс уақытының толық бір күндік және смена ішідегі уақытын жоғалтуын анеықтау үшін факттық және жоспарлы жұмыс уақыттың балансын сәйкестендіреміз. Жұмыс уақытын жоғалту объективті немесе субъективті себептерге, жоспарда қаралмаған: адменистрацияның рұқсатымен берілген қосымша демалыстар; жұмысшының уақытша жұмысқа араласа алмай, ауырғандықтан; құрылғылардың, машина, механизмдердің істен шығуынан; себепсіз жұмысқа келмеуінен; жұмыс, шикізат, материал, электроэнергия, отын тағы басқанын болмағандығынан. Әрбір жоғарыда көрсетілген себептер, әсіресе кәсіпорын тарапынан болатын қателіктер талданып, қолға алынады.

Еңбек өнімділігін талдау. Персоналды интенсивті қлдану деңгейін бағалау үшін еңбек өнімділігінің жал-пылама, жеке, көмекші көрсеткіштерінің жүйесі қолданы-лады. Жалпылама көрсеткіштер – бұл бір жұмысшының орташа-жылдық, күндік, сағаттық өнім өндіруге және ба-ғалық анықталған бір жұмысшыға шаққандағы өнім өн-дірісі. Жеке көрсеткіштер – бұл белгілі бір өнім бірлігін өндіруге шығындарған уақт (өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе белгілі бір өнімнің натуралды белгілеуіндегі адам-сағат, адам-күн. Көмекші көрсеткіштер – белгілі бір тауарды өндіруге кеткен уақыт шығыны, не уақыт бірлігіндегі жасалған жұмыс көлемі. Еңбек өнімділігін анықтаудағы ең жалпылама көрсеткіш болып, бір жұмысшымен өндірілген орташа жылдық өнім көлемі табылады. Оның көлемі жұмысшы өнімділігіне, персоналдың жалпы снына, олардың жұмыс жасаған күндеріне және жұмыс күнінің ұзақтылығына да байланысты.

Бір жұмысшының өндірілген өнімін келесі фактор-ларға байланысты жазуға болады:

ЖӨ = Үл x К x Ұз x СӨ

(ГВппп = Уд x Д x П x ЧВ)

Еңбек өнімділігінің өсуінің негізгі қоры:



  1. өнім өндіру көлемінің барлық мүмкін көлемін қол-дану;

  2. еңбек шығынын механизация және өндірісті авто-матизациялау, еңбнеті ұйымдастыруды еңбек интен-сивтілігін арттыру арқылы азайтуға болады.

Персоналды басқару саясатының таңдалған нұсқасына қарамастан, өндірістің орташа сағаттық қорының өсуі (ӨС↑Қ – Р↑ЧВ) келесідей анықталады:
ВП1 + Р↑ВП – ВП1

Р ↑ЧВ = ЧВВ – ЧВ1 = ФРВ1 – Р↓ФРВ + ФРВд ФРВ1


Мұндағы:

Р↑ЧВ – орташа сағаттық өнімділіктің өсу қоры;

ЧВв және ЧВ1 – сәйкесінше орташа сағаттық өнімдердің факттық және мүмкін деңгейі;

Р↑ВП – инновациялық жаңалықтарды енгізу арқылы өнім көлемінің өсу қоры;

ФРВ1 – есептік перодтағы өнім өндіруге кеткен еңбек уа-қытының факттық шыңыны;

Р↓ФРВ – еңбек уақытын өндірістік процестерді механи-зация және автоматтандыру есебінен, еңбекті ұйымдасты-рудың жақсаруымен жұмысшының квалификациясының өсу деңгейіне байланысты қысқарту;

ФРВд - өнімді өндіру көлемінің өсуіне байланысты қо-сымша еңбек шығыны.

Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау. Еңбек ре-сурстарын қолдануды, еңбек өнімділігінің өсуін еңбек ақы төлеумен тығыз байланыста қарастырған жөн. Еңбек өнімділігі артса ол өз кезегінде оның ақысының өсуіне де себепкер болады. Ал еңбек ақының өсуі оның мати-вациясының және өнім өндірісінің де өсуіне ықпал ете-ді. Сондықтан, еңбек ақы төлеуге кеткен шығындар тал-дау барысында үлкен маңызға ие.

Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау (ЕҚТ – ФЗП) барысында, бірден факттық өлшемнен жоспарлының аб-солюттік және қатыстық ауытқуларын анықтау керек.

Абсолюттік ауытқу (∆ЕҚТабс - ∆ФЗПабс) – еңбек ақы төлеуге шығындалған факттық қорлармен кәсіпорын жұ-мысшының категориясы және бөлімшелеріне байланысты жалпы кәсіпорын есептелген базалық ЕҚТ – ФЗП – ның арасындағы айырма ретінде есептеледі:

∆ЕҚТабс = ЕҚТ1 – ЕҚТ0

Абсолюттік ауытқу өнім көлемінің өзгерісін есепке алмай қолданылатындықтан, оған қарап ЕҚТ-тың үнем-делгенін немесе шығындалғанын айтуға болмайды.

Қатыстық ауытқуы (∆ЕҚТқат - ∆ФЗПотн) – еңбек ақыға факттық аударылған сомма мен өнім өндірісінің көлемі-нен индексіне корректрленген, базалық қор арасындағы айырма ретінде есептеледі:

∆ЕҚТқат = ЕҚТ1 – ЕҚТкөрр




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет