Дәріс кешені 1-дәріс. Тақырып: Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны



бет26/33
Дата10.12.2021
өлшемі317 Kb.
#78871
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
Эк талдау (1)

Дәрістің негізгі мазмұны

Ұйымның маңызды көрсеткіштерінің бірі оның төлем қабілеттігі болып табылады. Төлем қабілеттілік дегеніміз ұйымның барлық міндеттемелері бойынша төлемдерді өз уақытында орындау қабілеттілігі. Төлем қабілеттілікке талдау жүргізу кезінде оны 2 бөліп қарастырамыз:

1. Ағымдағы төлем қабілеттілігі

2. Болашақтағы төлем қабілеттілігі



Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс құрылған нақты күнге анықталады. Ұйымның банктік жіне банктік емес мекемеге немесе жеткізушілерге мерзімі өтіп кеткен қарыздары болмаса төлем қабілеттілігі бар деп саналады

Болашақтағы төлем қабілеттілігі алдағы нақты бір күнге оның төлем қаражаттарын бірінші кезекте өтелетін міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады. Ұйымның төлем қабілеттілік коэффиценті былай анықталады

К т.қ. = қолда бар ақша қаражаттарының сомасы /төленуі қажетті міндеттемелер сомасы

Егер осы коэффициент бірге тең немесе одан жоғары болса ұйымның төлем қабілеттілігі бар деп саналады. Ал коэффицент мөлшері бірден аз болса онда төленуге тиісті қаражаттардың жетіспеу себептерін анықтау талап етіледі. Ұйымның төлем қабілеттілігіне неғұрлым терең зеттеулер жүргізу үшін мынандай коэффиценттерді қосымша есптеуге болады:

1. Ақша қаражаттарының жеткіліктілік коэффиценті. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектісінде шығындарды жабу үшін ақша қаражаттарының нақты бар екендігін көрсетеді. Бұл коэффицент келесідей формула бойынша есептеледі

К а.қ.ж = өнімдерді сатудан немесе қызмет көрсетуден түскен табыстар сомасы / (күделі шығыстар + құрылтайшыларға төленетін төлемдер сомасы)

Осы коэффицент 1 тең болуы ұйымның сырттан тартылған қаражаттарсыз жұмыс істеуге қабілетті екендігін көрсетеді. Егер көрсеткіштердің мәні 1 төмен болса онда ұйымның өндіріс деңгейін ұстап тұруға қабілетсіз екендігін көрсетеді

Абсолюттік өтімділік коэффициенті бұл қаражат қорының мөлшері ақша қаражаты мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар қосындысының қысқа мерзімді қарыздар қатынасына тең.

Тез өтімділік коэффициенті ақша қаражаты мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар, қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар қосындысының қысқа мерзімді міндеттемелер қатынасы. Егер дебиторлық қарыздар мөлшері жоғары болса өтімділік құралдарының тапшылығы болып табылады.

Ағымдық өтімділік коэффициенті айналымдағы барлық активтерді қысқа мерзімді міндеттемелер жиынтығына бөлгенге тең.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау алғашқы қажеттілік төлемдермен қаражаттардың болуы мен түсінуін салыстыру жолымен жүзеге асырылады. Ағымдағы және күтулі (келешекті) төлем қабілеттілік ажыратылады.

Ағымдағы төлем қабілеттілік балансты жасау күніне анықталады. Егер оның тауар жеткізушілерге, банк ссудалары және басқа да есептері бойынша мерзімі өткізілген қарыздары болмаса, кәсіпорын төлем қабілетті деп саналады.

Күтулі (келешекті) төлем қабілеттілік нақты, алдағы бір күнге кәсіпорынның төлем құралдарының санасын оның осы күнге белгіленген мерзімді (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

Ағымдағы төлем қабілеттілікті анықтау үшін бірінші топтың ликвидті қаражаттарын бірінші топтың төлемдік міндеттемелерімен салыстыру қажет. Ең қолайлы нұсқа егер коэффицент бірлікті немесе одан аз – маз көбірек санды құраса орын алады. Баланс мәліметтері бойынша бұл көрсеткішті айына немесе тоқсанына бір рет қана санауға болады. Кәсіпорындар болса несие берушілермен күніге есеп айырысады. Сондықтан, ағымдағы төлем қабілеттілікті жедел талдау, өнімді сатудан, дебиторлық қарыздарды өтеуден қаражаттардың түсуін және өзгеде ақша қаражаттарының түсімін күнделікті бақылау, сондай – ақ тауар жеткізушілер мен өзге де несие берушілер алдындағы төлемдік міндеттемелердің орындалуын бақылау үшін төлемдік күнтізбе жасалады. Онда бір жағынан қолда бар және күтіліп отырған төлемі құралдары саналады, екінші жағынан осы кезеңге (1, 5, 10, 15 күн, ай) төлемдік міндеттемелер есептеледі.

Жедел төлемдік күнтізбе өнімді тиеп жіберу мен өткізу жөніндегі, өндіріс құралдарын сатып алу жөніндегі мәліметтердің, жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу, оларға аванс беру бойынша есеп айырысу жөніндегі қаражаттардың, банк есеп шарттарынан алынған жазба және т.б негізінде жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет