s- элементтері үшін n(s) ē;
р- элементтері үшін n(s2 + pх) ē;
d- элементтері үшін (n(s2) + (n–1)dх) ē;
f-элементтері үшін (n(s2) + (n–2)fх) ē валентті электрондар болып табылады; мұндағы х – р-, d- немесе f- деңгейшелерінің электрон (ē) саны.
Мысалы: күкірт элементінің атомы мына күйлерде болуы мүмкін:
3s2 3р43d0 (негізгі күй, В=2)
3s2 3р33d1 (1-ші қозған күй, В=4)
3s1 3р33d2 (2-ші қозған күй, В=6)
2.5 Периодтық жүйе және элементтердің қасиеттері
Д.И. Менделеев 1869 ж. 1 наурызда периодтық заңды ашты: элементтердің қосылыстары және қарапайым заттардың қасиеттері мен пішіндері элементтердің атомдық массасына периодты тәуелділікте болады.
Периодтық заңның қазіргі заманғы тұжырымдамасы: элементтердің, қарапайым заттар мен элементтер қосылыстарының қасиеттері олардың атомдарының ядро заряды шамасына периодты тәуелділікте болады.
Периодтық заңның кескіндік бейнесі химиялық элементтердің периодтық жүйесі болып табылады (ХЭПЖ).
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің неғұрлым кең таралған қысқа формасының бірнеше нұсқалары бар.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі жеті периодтан, сегіз топтан (16 топшадан) және он қатардан тұрады. I, II, III – кіші периодтар бір қатардан және аздаған элементтерден (I–2 элементтен, II, III – 8 элементтен) тұрады; IV, V, VI, VII – үлкен периодтар екі жұп және тақ қатардан тұрады (IV, V – 18 элементтен, VI – 32 элементтен, VII – аяқталмаған).
Әрбір период сілтілік металдан басталып, инертті газдармен аяқталады: Li – Ne, Na – Ar, K – Kr, Rb – Xe, Cs – Rn (I, VII периодтардан басқасы). II–ші, III–ші және үлкен периодтардың тақ қатарларын типтік деп атайды, оларға s–, p– элементтері жатады.
Үлкен периодтың жұп қатарларының элементтерін ауыспалы деп атайды, оларға d – элементтері жатады. VI және VII периодтарда лантан (№ 57) мен актинийден кейін (№ 89) лантаноидтар мен актиноидтар деп аталатын 14 элемент орналасқан, оларға f- элементтері жатады.
Топ (А) негізгі және (В) қосымша топшаларға бөлінеді. s-, p- элементтері негізгі топқа, ал d-, f- элементтері қосымша топшаға топтастырылған.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі элементтерінің орналасуы мен олардың атомдарының құрылысы арасында периодтық сипатқа ие өзара тығыз байланыс бар. Периодтық жүйенің барлық химиялық элементтері атомның ядро зарядының өсу реті бойынша орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |