Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс



бет25/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Байланысты:
дәріс

Металдық байланыс табиғаты жағынан коваленттік байланысқа жақын металдарға тән. Коваленттік байланыстан ерекшелігі – электрондары-ның ортақтастырылуы екі атоммен емес, көп атомдармен жүзеге асырылады.

Металдық байланыстың энергиясы ковалентті байланыс энергиясы мәнінен 3-4 есе аз. Бос электрондар металдың барлық атомдарын бір-бірімен берік байланыстыра отырып, металдарға тән қасиеттермен қамтамасыз ететін (жоғары электр және жылу өткізгіштік, беріктік, т.б.) «электрон газын» түзеді.
Құрылымдық формулаларды құрастыру және
олардың байланысының түрін анықтау
Молекуладағы атомдар қосылыстарының реттілігі заттың құрылымдық формуласын көрсетеді. Құрылымдық формуладағы бір сызық бір химиялық байланысты білдіреді. Элементтердің қарама-қарсы зарядты атомдары ғана өзара көршілес бола алады.
Мысалы: К3РО4 құрылымдық формуласын құрастырыңыз және әрбір жұптың атомдарының арасындағы химиялық байланыстың (ХБ) типін көрсетіңіз. Осы қосылыстың сулы ерітіндісінің электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазыңыз.
К1+ –– О2‾ ΔЭО > 1,7 болғандықтан (К О) ХБ иондық,
К –– О –– Р = О ЭТ (К) = 0,8; ЭТ (О) = 3,5; ΔЭТ = 3,5 0,8 = 2,7
К –– О ΔЭО < 1,7 болғандықтан (О Р) ХБ ковалентті
полюсті; ЭТ (О) = 3,5; ЭТ (Р) = 2,1; ΔЭТ = 1,4.

Химиялық байланыс берік болған сайын, коваленттіліктің үлесі көп, сондықтан оның полюстілігі төмен, ΔЭТ мәніне тура пропорционал. Судың диполі әсерінен неғұрлым полюсті байланыс үзіледі.


К3РО4 молекуласында ΔЭТ(К О) > ΔЭТ (О Р) болғандықтан, (КО) ХБ беріктігі төмен, ал (О Р) ХБ беріктігі жоғары; сондықтан берілген қосылыс сулы ерітіндіде мынадай иондарға диссоциацияланады: К3РО4  3К+ + РО43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет