Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс



бет38/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
дәріс

Донорлы-акцепторлы әрекеттесулер
Молекулалардың донорлы-акцепторлы әрекеттесулері – бір молекуланың электрон жұбының әсерінен және басқа молекуланың бос орбиталінің есебінен пайда болады. Бірінші әрекетте көптеген химиялық реакциялар көрінеді, каталитикалық үдерістердің негізіне жатады, ерітіндіде молекулалардың сольватталуын тудырады, жаңа қосылыстардың түзілуіне әкелеуі мүмкін.

1-кесте. Молекула арасындағы әрекеттесулер энергиясын құраушылардың жеке үлесі.



зат

Дипольдің электрлік моменті, D

Поляриза
циялануы, м3∙1030

Әрекеттесу энергиясы,
кДж/моль

Қайнау температурасы, К

ОӘ*

ИӘ*

ДӘ*

ЖӘ*

H2

0

0,8

0

0

0,17

0,17

20,2

Ar

0

1,64

0

0

8,5

8,5

76

Xe

0

4,16

0

0

18,4

18,4

167

HCl

1,03

2,64

3,3

1,0

16,8

21,1

188

HBr

0,78

3,62

1,1

0,70

28,5

30,3

206

HI

0,38

5,42

0,6

0,3

60,6

61,5

238

NH3

1,52

2,23

13,3

1,5

14,7

29,5

239,6

* ОӘ – ориентациялық әрекеттесу; ИӘ – индукциялық әрекеттесу; ДӘ – дисперсиялық әрекеттесу; ЖӘ – жалпы әрекеттесу.

Донорлы-акцепторлы әрекеттесулер есебінен, мысалы, BF3 және NH3 молекулалары BF3 ∙ NH3 құрамда қосылыс түзеді (молекула аралық қосылыс). BF3 қосылысындағы бос орбитальі бар, оң зарядты бор акцептор ретінде түседі, ал NH3 қосылысындағы байланыспайтын электрон жұптары бар, теріс азот донор ретінде түседі. Электростатикалық әрекеттесулермен қатар сутектік байланыс пайда болғанда донорлы-акцепторлы байланыс көрінеді. Сутектік байланыс беріктілігі бойынша вандерваальс күшінен басым болады, оның энергиясы 8-40 кДж/моль құрайды, бірақ, ол коваленттік байланыстан әлсіз.


Ішкі немесе молекулааралық сутектік байланыс көрші (онымен ковалентті байланыспаған) жоғары теріс поляризацияланған фтор (оттегі немесе азот) атомының электрон деңгейіне тереңінен енуге қабілетті оң поляризацияланған сутегі атомының аз көлемі есебінен түзіледі.
Сутектік байланыс кеңінен таралған және молекулалардың ассоциациялануында, кристаллдану, еру үдерістерінде, кристаллогидраттар, электролиттік диссоциация және басқа маңызды физикалық-химиялық үдерістерде маңызды рөлге ие. Су молекуласы төрт сутектік байланысты түзе алады, себебі екі сутегі атомы және екі байланыспайтын электрон жұптары бар. Су молекуласының бұл қабілеті судың және мұздың құрылысына негізделеді.
Сутектік байланыс органикалық қосылыстар химиясында, полимерлерде, ақуыздарда маңызды орын алады. Беріксіздігінің салдарынан сутектік байланыс қалыпты температурада жеңіл пайда болады және жеңіл үзіледі, бұл биологиялық үдерістер үшін маңызды. Молекула аралық донорлы-акцепторлы әрекеттесу энергиясы 6-дан 12-ге дейінгі кДж/моль аралықта ауытқиды, вандерваальстік әрекеттесу энергиясына жақын, ал мәні 200-250-ге дейін кДж/моль химиялық байланыстың энергиясымен салыстырмалы.
5 Дәріс. Комплексті қосылыстар








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет