бір саты бойынша диссоциацияланатын электролиттер:
* бір қышқылды негіздер (NaOH)
* бір негізді қышқылдар (HNO3)
* орташа, қос және аралас тұздар (NaNO3, KАl(SO4)2, CaOCl2)
бірнеше саты бойынша диссоциацияланатын электролиттер:
* көп қышқылды негіздер (Cu(OH)2)
* көп негізді қышқылдар (H3PO4)
* қышқылдық, негіздік және комплексті тұздар (NaHCO3, CuOHCl, K4[Fe(CN)6])
Электролиттік диссоциация барысында сатылап диссоциацияланатын бөлшек зарядының артуы, одан қарама-қарсы зарядты ионның шығуын қиындатады, сондықтан электролиттік диссоциация әрбір келесі сатыда үлкен энергетикалық шығынмен жүреді, сәйкесінше, α мен КД мәндері әрбір келесі сатыда алдыңғы сатыдағыға қарағанда аз болады:
1 > 2 …; КД 1 > КД 2 …
Мысалы: орто-фосфор қышқылының ЭД-ның қарастырайық:
1-саты: H3PO4 H+ + H2PO4 ‾ ; 1 = 210‾1, КД 1 = 7,5 · 10‾3
2-саты: H2PO4‾ H+ + HPO4 2‾; 2 = 3 10‾6, КДII = 6,2 · 10‾8
3-саты: HPO42‾ H+ + PO4 3‾ ; 3 = 2 10‾11, КДIII = 5,0 · 10‾12
Сонымен, α мен КД мәндері бойынша келесі қорытындылар жасауға болады:
α мен КД электролит күшін сандық түрде бағалайды: α мен КД жоғары болғансайын, соғұрлым электролиттің күші жоғары болады;
α әрбір электролитке тән: күшті электролиттер толығымен ( 1), ал әлсіз электролиттер біртіндеп ( < 1) диссоциацияланады;
КД мәні қайтымды электролиттік диссоциация үдерісіне тән: әлсіз электролиттер қайтымды, ал күшті электролиттер – қайтымсыз диссоциацияланады;
Электролиттердің сатылап диссоциациялануы барысында α мен КД мәндері әрбір келесі сатыда алдыңғы сатыдағыға қарағанда аз болады:
1 > 2 …; КД 1 > КД 2 …
Достарыңызбен бөлісу: |