CN– > NO– 2 > NH3 > H2O > F– > OH– > Cl– > Br– > I–
Валенттік байланыс әдісі зарядталған комплекстердің, сондай-ақ бейтарап лигандты комплекстермен қатар, тотығу дәрежесі нөлге тең және зарядталған комплекс түзуші болатындығын түсіндіреді. Бірақ бұл теория электрондық бұлттары әлсіз қабысатын комплекстер үшін ғана қолданылады, ал электростатикалық әсері күшті, орбитальдары қабысатын комплекстерді сипаттау үшін жарамсыз.
Молекулалық орбитальдар әдісі (МОӘ) – комплекс түзушілердің де лигандтардың да электрондық құрылысын ескереді. Мұндай жағдайда комплексті комплекс түзуші ядросынан және осы комплекстің барлық лигандтарынан тұратын біртұтас квантық-механикалық жүйе ретінде қарастырады.
Лигандтары –байланысын түзуге бейім емес ауыспалы металдардың октаэдрлік комплексін Со(NH3)6]3+ ионын мысалға ала отырып қарастырайық.
dz2 dx2–y2 s px py pz
|
dxy dyz dxz
|
|
|
|
|
|
|
Босатушы МО
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Байланыстырушы МО
|
Байланыстырушы емес МО
|
|
|
|
|
|
|
Лигандтардың алты АО және комплекс түзушілердің тоғыз АО 15 молекулалық орбиталдар (МО) түзіледі. –байланысы түзілу үшін электрондық бұлттары металл атомы мен лигандаларды байланыстырушы түзу бойымен бағытталған мынадай алты орбиталь керек: dz2, dx2–y2, s, px, py, pz.
Қалған үш орбиталь (dxy, dyz, dxz) байланыстырушы емес МО болып табылады, олардың электрондық бұлттары лигандтар аралығында бағытталған және бұл орбитальдардың энергиясы іс жүзінде өзгермейді. Бұл комплексте Со3+ ионының үш электроны байланыстырушы емес МО-да орналасады. Алты байланыстырушы молекулалық орбиталдарға лигандтар электрондары орналастырылады (әрқайсысына екіден), алты босатушы молекулалық орбиталдар бос қалады. Мұндай диаграмма комплексті қосылыстардың магниттік, оптикалық және басқа да қасиеттерін түсіндіреді. Коваленттік байланыстың түзілуі және лигандтар мен орталық атом орбиталдарының қабысуы нәтижесінде болады. Электрондық бұлттарының қабысуы жоғары болған сайын, ыдырау энергиясының мәні артады.
Комплексті қосылыстардың бояуы электрондардың неғұрлым төменгі бос энергетикалық деңгейден неғұрлым жоғарғы бос энергетикалық деңгейге көрінетін жарық квантының жұтылуы есебінен ауысатындығымен түсіндіріледі. Қосылыстардың жұтылу спектрін білу ыдырау энергиясын анықтауға мүмкіндік береді.
Кейбір лигандтар немесе олардың атомдарының бос орбиталі болуы мүмкін (РН3, H2S). Мұндай жағдайда донорлы-акцепторлық механизм бойынша лигандтар акцептор қызметін, ал бөлінбеген электрондық жұптары бар комплекс түзуші донор қызметін атқаратын қосымша (дативті) байланыс түзіледі. Оның түзілуі комплекстің беріктігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |