Гипосекрециядегеніміз - сілті қышқылының азаюы.
Гиперсекреция дегеніміз - асқазан сөлі мөлшерінің көбеюі.
Гиперхлоргидрия дегеніміз - асқазан сөлі қышқылдығының көбеюі.
Асқазан ішек ауруларындағы негізгі шағымдары:
- іштің ауруы;
- тамаққа тәбетінің өзгеруі;
- кекіру;
- қыжылдау;
- лоқсу;
- құсу;
- іштің кебуі;
- нәжістің кідіріп қалуы;
- іштің өтуі;
- қансырау.
Шағымдардың ішінде ерекше орында тұратын белгілердің бірі – ауырсыну. Науқастың дәл қай жері ауырғанын анықтап сұрау маңызды роль атқарады. Кейде қабырғалардың төменгі жағында ауырсынудың пайда болуы асқазан ауруымен байланысты болмауы да мүмкін. Ол бауыр ауруларында, ұйқы безінің ауруларында байқалуы мүмкін.
Ауырсыну жергілікті немесе жайылмалы түрде кездеседі. Ауырсынудың мінездемесі әртүрлі – ұстама тәрізді, үнемі, жыл мезігілімен байланысты, қабылдаған тамаққа байланысты, күш түсумен, қиналумен байланысты болып өтеді.
Асқазан ауруының түріне байланысты тамақтан кейін ауырсыну әртүрлі уақытта білінеді. Сөлі аз асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдаған бетте білінеді, асқазан ойық жара ауруында ауырсыну түнде және аш қарында болады, сөлі көп асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдағаннан кейін басылады.
Егерде ауырсынудың себебін білмесеңіз жансыздыратын немесе ішекте жібітетін дәрілерді беруге, асқазанды жууға, клизма және жылытуға қоюға болмайды.
Мысалы: егер ауырсыну іштің тырсылдауы мен немесе асқазан жарасының қозуымен байланысты болса жылытқыш ауырсынуды азайтады, бірақ грыжа немесе соқыр ішектің қабынуына жылытқышты қоюға болмайды. Уланған жағдайда пациенттің жағдайын асқазанды жуумен жеңілдетеді. Ал жүректің өлі еттенуінде пациентке зиян келтіреді. Егер ұстамалы ауырсыну пайда болса жедел түрде дәрігерді шақырту керек.