Гравитациялық су өз салмағы мен топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабаттарына жылжитын сулар, өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, сондықтан ол жер асты суының қорына қосылады.
Топырақтың жалпы физика-механикалық қасиеттеріне: тығыздығы, қатты фазасының тығыздығы, қуыстылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы, ісінуі, сығылысуы және байланыстылығыжатады.
Топырақтың тығыздылығы – бұл абсолютті құрғақ топырақ массасының оның қалыпты жағдайдағы көлеміне қатынасы (г/см3). Топырақтың тығыздылығы келесі формуламен есептеледі:
мұндағы, - абсолюттік құрғақ топырақтың массасы, г; - топырақ үлгісінің алынған көлемі, см3.
Топырақтың тығыздылығыминералдық топырақтарда 0,9 -1,8 г/см3, батпақты шымтезектерде - 0,15 -0,40 г/см3, құмбалшық және балшықты топырақтарда 1-1,2 г/см3 болады. Топырақтың тығыздылығы топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, органикалық және минералдық бөлшектердің мөлшеріне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |