Дәріс 7.Адам және оның құндылықтық әлемінің философиясы – 2 сағ.
Жоспар
1. Антропологиялық философияның негізгі мәселелері мен сұрақтары.
2. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
3. Адам, индивид, тұлға ұғымдары.
1. Философиялық антропология төмендегілерді оқытады:
Адам табиғаты мен мәннін;
Антропогенез –адамнның пайда болуын;
Адам санасының пайда болуы мен сананың мәнні;
Адамның психикалық әлемін,
Адамның жасырын рухани күшін;
Адмның тіршілік ету мәнін;
Өмірден кейінгі өлім мәселесін;
әлеуметтік құбылыстарға деген адамдардың құндылықты қатынастары;
Адамның рухани дамуын;
Адамзат эволюциясының болашағын;
Адам өмірінің мәнін;
Адамның бостандығы мен жаупкершілігін;
Антропологиялық биоэтика мәселелерін және т.б.
Адам мәселесі философияның пайда болуының алғаашқы күнінен бастап көтерілді. Ерте заманғы философияда (Көне үнді, қытай, грек философиясында) адамды – микрокосмос ретінде қарастырған. Адамның саналы, рухани пенде ретінде мәңгі, шексіз рух ретінде қарастырған Үндінің Його, веданта мектептері болса, Г.Гегель де осы оймен бөліскен. Аристотель адамды саяси жануарға теңеп, адам табиғатынан бірлесіп, бір-бірінің қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамда өмір сүретіндігін айтқан. И.Кант адамның моральдық жағына мән беріп, адам ор-ұжданныңиесі деген. Осы ойды Абай да, Шәкәрім де бөліскен. Олар адамның бойындағы ар-ұятты адамдыққа теңдестірген. Австрия ғлымы В. Франкл Құдайда ғарыштан емес, адамның ішкі ар-ұятынан іздеу керек деген. Ал с. Кьеркегор Адмды таңдай білетін тірішілік иесі деген, яғни адамның таңдауы оның санасы мен ар-ұжданы, сенімін көрсететін, теңдесі жоқ тіршілік иесі екендігін айтты.
Адам мәннін анықтауда да көптеген ыңғайларды көрсетуге болады, олар:
Биологиялық (натуралистік ыңғай) – адам мәні табиғи бастамдан – биологиялық тәнде жатыр деп есптейді (Чарвака, Ламетри, Гоббс, Фейрбах)
Әлеуметтік ыңғай – адамның мәні әлеуметтік қарым-қатынаста анықталады. (Маркс және оның жақтаушылры)
Теологиялық – адамның мәні – жанында, ол рухани бастаманың бейнесі деп есептелінеді. (христиан, ислам, индуистік философия)
Әлеуметтік-ғарыштық ыңғай үш аспектіде қарастырылады1) ғарыштық; 2) әлеуметтік; 3) биологиялық (материалды) (Теософия, Тірі этика ілімі).
Достарыңызбен бөлісу: |