Дәріс Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Маќсаты


Оқушы тұлғасы-тәрбиенің объектісі және субъектісі



бет14/32
Дата31.03.2022
өлшемі69,37 Kb.
#137377
түріДерексіз
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
Лекция

Оқушы тұлғасы-тәрбиенің объектісі және субъектісі.

  • Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар.

    Антропология (грекше - «antropos» - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік.
    Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы және оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді.
    Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері педагогикада, психологияда, т.б. ғылымдарда өте кең және жиі қолданылады.
    ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген К.Д.Ушинскийдің «Педагогикалық антропология» атты еңбегі педагогиканың алтын қорына қосылған туындылардың бірі болды. К.Д.Ушинский өз еңбегінде: «Тәрбиені жетілдіре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой күшін белгілі деңгейден әрі жалғастырып, көтеріп тастауы мүмкін. Қалай болса да, адам да және тәрбиенің жоғарғы мұраты, тағы да ерекше күш тауып, межелі мақсатқа жетуге жол табуы тиіс» – деп көрсетті.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет