Дәріс Саяси әлеуметтанудың пәні мен әдісі және құрылымы Дәріс жоспары: Саясат социологиясының мәні, заңдары, категориялары



бет1/4
Дата08.10.2022
өлшемі88,89 Kb.
#152203
  1   2   3   4
Байланысты:
Саяси әлеуметтану пәнінен Дәрістер кешені (1)


Саяси әлеуметтану пәнінен дәріс кешені

Дәріс 1. Саяси әлеуметтанудың пәні мен әдісі және құрылымы




Дәріс жоспары:
1.Саясат социологиясының мәні, заңдары, категориялары.
2.Саясат және саяси қызмет.
3.Саяси қатынастар мен саяси мүдделер, саяси процесстер мен саяси институттар.
4.Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Саясат және саяси қызмет.Саясат соцологиясы - соцология ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс соцологиясынан басталады, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарасмастан саясат социологиясының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б. ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Әлеуметтік – саяси қатынастар – саясат социологиясының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, өрпақтар, кәсіптік қөрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.
Саясат социологиясы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдылықтарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау жасауға баса назар аударады. Саясат социологиясының пәніне – саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен қөрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады.
Саясат социологиясы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көп түрлілігін ескере отырып, әлеуметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпы дүниежүзілік, жалпы адамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс.
Осымен байланысты заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заң, оның ұйымдастыру тәсілдері саяды. өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөлінуі заңы, әр түрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.
Даму заңы – бұл әлеуметтік-саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар мен формаларын анықтайды. Мысалы, революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс, т.с.с.
Осы заңдарға сәйкес саяси социологияның категориялары да қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді: 1.Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет, билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм, ереуілдер, т.с.с; 2.Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, көппікірлік, саясаттандырылған төлға және т.б.
Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзге де саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, өздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы танылады. Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелœей қатынасты болады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.
Саяси идеология аталмыш әлеуметтік-саяси күштердің мүдделері теориялары мен ғылыми тұжырымдамалар деңгейінде көрінеді. Мұндайда бұл мүдделерді мейлінше терең түсінуге қолы жетеді, олардың мәні, мазмұны мен бағыт-бағдары ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет