1. Қазақстан тарихы курсының тақырыбы және міндеттері.
2. Қазақстан тарихының кезендері.
3. Тас дәуірі
4.Қола дәуірі
«Тарих» сөзі араб тілінен аударғанда «оқиғалар туралы әңгіме» деген мағына білдіреді.
Адамдардың басынан өткен жағдайларын жүйелі түрде баяндайтын ғылым -Тарих ғылымы.
Тарихқа қосымша пәндер: археология, этнография, тарихи география, нумизматика, демография, шежіретану т.б.
Археология Адамдардың өмірі мен тіршілігі туралы заттай деректерге сүйеніп зерттейтін тарихи ғылым саласы –археология деп аталады. Археология атауының мағынасы ежелгі гректің «архайос» ежелгі, «логос» - ғылым немесе сөз деген мағынаны береді. Ерте кездегі адамдардың шаруашылығының деңгейін археологтардың көмегімен еңбек құралдарына қарап анықтауға болады. Еңбек құралдары жасалған заттардың ерекшелігіне қарай археологтар адамзат дамуын мынандай дәуірлерге бөледі: Тас дәуірі; Қола дәуірі; Темір дәуірі.
Антропология Тарихи деректерді нақтылай үшін антропология ғылымына жүгінеміз. Адамдардың пайда болуы туралы мәселені нақтылай түсуде антропологияның орны ерекше. Антропология дегеніміз –адамдардың шығу тегін, дамуын зерттейтін ғылым. Антропогия ғылымы адамның бет пішіні түр-түсі, бойы, сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейді. Антропология сөзінің мағынасы грекше «антропос» адам, «логос» ғылым деген сөздерден құралған.
Генеология Адамдардың шығу тегін зерттейтін ғылым генеология (шежіре) деп аталады. Ру, тайпа аттарынан бастап, өздеріне дейінгі ата-бабалары туралы мәліметтерді жинау шежіре деп аталады. Этнография Этнография сөзінің мағынасы «этнос» тайпа және «графо» жазамын деген грек сөздерінен құралған: Этнография бұл халықтардың әдетғұрып, салт санасының дамуын ерекшеліктерін зерттейтін ғылым;
Адамзат баласының шығуы Қазіргі ғылыми ортада адамның пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар. Оларды үш топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – «Жаратушылық теориясы». Бұл көзқарас бойынша адамды құдай жаратқан. Бұл көзқарастың жақтаушылары әлемдік деңгейде танылған діндердегі қасиетті кітаптарға сүйенеді. Діни, идеалистік жолмен түсіндірілетіндіктен ғылыми – матермалистік жолмен дәлелденуі қиын пайымдау. Екіншісі - «Сыртқы себептердің ықпалы туралы теория».Яғни әлемдік гуманоидтер жөніндегі пікірлер. Ол бойынша, адам баласы жер бетіне басқа планетадан келген. Бұл әзірге ғылыми дәлелденбеген пікір.
Үшіншісі –«Эволюциялық теория». Ол бойынша адамзат баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты ұзақ және біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болып қалыптасқан. Ч.Дарвиннің іліміне негізделіп құрылған бұл теорияның ғылыми-материалистік дәлелдері бүгінгі таңға дейін ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылып келе жатыр. Бұл көзқарасты құптамайтын, оған қарсы тұжырымдар бар. Алайда қазіргі әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарастың дәлелдемелерін құптайды. Сондықтан «эволюциялық теория» тарихтың ежелгі кезеңін зерттеуде, тарихи және археологиялық жәдігерлердің ғылыми негіздемесін жасауда кеңінен қолданылады. Тарихтың ерте кезеңдерін осы теорияның зерттеулерімен жазудамыз.
Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың өмір сүру деңгейін ғалымдар болжам ғана ретінде айта алды. Сондықтан алғашқы адамның даму деңгейін археологиялық және антропологиялық зерттеу барысында мына төмендегідей мәліметтер береді: Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдары өндірген уақыты – тас дәуірі деп аталады. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалды. Алғашқы адамдардың алғашқы еңбек құралдары: Қазғыш таяқ; Үшкір тас; Шоқпар.
«Епті адам» Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. «Тік жүретін адам» Питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атайды. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген.
«Неандерталь адамы» Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Неандерталь адамы Германия жерінен табылды. 8-9 жастағы Неандерталь баланың сүйегі 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Белгілі антрополог ғалым М.М. Герасимов баланың бет-әлпетін қалпына келтірді. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдықтардың сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған.
«Саналы адам» Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. Кейінгі тас дәуірінде, б.з.б. 40-12 мың жылдықта адам баласы дамуының жаңа кезеңі басталды. Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-35 мың жыл бұрын «епті адам», «саналы адамға» айналды. Сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды. «Саналы адам» өзінің арғы тегіне қарағанда көп ірі жетістіктерге жетті. Ол тік жүруді, анық сөйлеуді меңгерді. Адамның жетілуінде еңбек шегуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миы дамыды. «Саналы адамның» миы «епті адамның» миынан екі есе үлкен болды.
Алғашқы адамдар және олалдың кәсібі: Адамдар қарапаыйм еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. - Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді терді. - Жерге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқалардың жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. - Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. - Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды. - Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды
Алғашқы адамның іздері Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, қазақстанға және Сібірге алғашқы адамдар Еуропадан және оңтүстік шығыс Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен бұдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болды. Олар адамдардың қоныстауына қолайлы жерлер Оңт.Қазақстанның Каратау жоталарынан, Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойын мекен еткен. Мұны тастан жасалған сол заманының еңбек құралдары дәлелдейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары болды. Адамдардың тұңғыш баспаналары үңгірлер болды.
Отты пайдалану Ертедегі адамдар әуелі найзағайды түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, рны өшірмей ұзақ сақтауға тырысты. Адам бірте-бірте отты өзі жағуды үйренді. Тасты тасқа ұрып, одан шыққан ұшқынмен отынды тұтатты. Адамдар отпен Жылынды; Жыртқыш аңдардан қорғанды; Тамақ пісіріп, жеуге мүмкіндік туды. Жыртқыш жануардан қорғану үшін, үңгірдің кіреберіс жеріне от жаққан. Жердің сууы - Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты. - Бұдан 100 мың жыл бұрын жер беті күрт суи бастады. - Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды, оның қалыңдығы 2 километрге жеткен. - Бұдан 13 жыл бұрын мұздық ери бастады. - Б.з.б. 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат (төрт мезгіл орнады)
Ежелгі тас дәуірі (палеолит) (б.з.б. 2.5 млн – 12 мыңжылдық) Ерте тас дәуірі үш кезеңнен тұрады: Ерте палеолит б.з.б. 2 млн. 500 мың жылдан – б.з.б. 100 (140 мың) мыңжылдыққа дейін. Орта палеолит б.з.б. 100 (140 мың) мыңжылдықтан – б.з.б. 40 мыңжылдыққа дейін; Кейінгі палеолит б.з.б 40 мыңжылдықтан – б.з.б. 12 мыңжылдыққа дейінгі аоалықты қамтиды.
Еңбек құралдары Алғашқы адамдар еңбек құралын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алды. Чоппер – тасты жарып, бөлшектеп, жүзу өткірлерін пайдаланды. Чопплинг – домалақ малта тасты екі жағынан егеген, жүзі өткір, ирек ара секілді құрал. (Қаратау үңгірі.) Пышақ тәрізді кескіштер – үшбұрышты қалақша тәріздес, өлтірілген жануарлардың терісін сыпыратын құрал. Ине мен біз – үшкір сүйектен жасалған. Осылай адам бірте –бірте тастан пышық, найзаның ұшын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады. Жұмыртас- екі жақ бүйірі қырналған құрал. Олардан адамдар қырғыш, тілгіш сияқты еңбек құралдарын жасаған.
Еңбек құралдары Алғашқы адамдар еңбек құралын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алды. Чоппер – тасты жарып, бөлшектеп, жүзу өткірлерін пайдаланды. Чопплинг – домалақ малта тасты екі жағынан егеген, жүзі өткір, ирек ара секілді құрал. (Қаратау үңгірі.) Пышақ тәрізді кескіштер – үшбұрышты қалақша тәріздес, өлтірілген жануарлардың терісін сыпыратын құрал. Ине мен біз – үшкір сүйектен жасалған. Осылай адам бірте –бірте тастан пышық, найзаның ұшын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады. Жұмыртас- екі жақ бүйірі қырналған құрал. Олардан адамдар қырғыш, тілгіш сияқты еңбек құралдарын жасаған.
Рулық қауымның шығуы
Бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағу адамдарды топтастырды . Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына рулық қауымға айналды:
Бұл шамамен «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді.
Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды.
Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.
Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды.
Рулық бөлініс те аналардың үстемділігімен анықталды.
Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең деп есептелді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды.
Ру ішіндегі тіршілік пен іс-әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті.
Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады:
оған рудың барлық мүшелері сыйлайтын ең ақылды, ер жүрек, құрметті адамдар таңдалды.
Ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң айлайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді.
Ру әрбір мүшесінің мүдделерін қоғады. Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін шешті.
Мұндай рулық бірлесуді басқаратын көсемдер сайланды.
Кроманьондық адам. Палеолиттік баспана.
Ежелгі тас дәуірінің ескерткіштері
Ежелгі, орта палеолит.
Жамбыл обылысынан табылған палеолит дәуірінің 5 мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар.
Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық тас құралдары табылған.
Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтарын тапты. Құралдардың пайдаланылған мерзімі шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын болған.
Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағынан табылған қырғыштар жүзі түзу, кейде пышақ болып келеді.
Маңғыстау түбінде – Шақпақата.
Шығыс Қазақстанда – Шульбинка.
Кейінгі палеолит
Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ішіндегі ең көрнектісінің бірі – Батпақ деп аталатын көне мекен.
Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған.
Тұрақтың жас мөлшері – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл.
Бұл жерден барлығы 300-ге жуық тас құралы шықты.
Қырғыштар ұзынша келген тас сынығынан жасалған.
Сонымен қоса:
Тас дәуірі адамдарының ине жасаған заты – үшкір сүйек.
Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары: Жануарлардың сіңірлері болды.
Қола дәуіріндегі Қазақстан (б.з.б. 2800-900 ж.ж.)
Қола дәуіріндегі Қазақстан.
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңыншы жылдықта басталған.
Қола дәуірі жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алды.
Қола дәуірінде жалпы адамзат металл өңдеуді игерді.
Зерттеушілердің көпшілігі Қола дәуірін 3 кезеңге бөледі:
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды.
Қола дәуірінің ерекшеліктері.
Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
1. Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы).
2. Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы.
3. Аталық отбасылық фрулық қатынастың орнауы.
4.Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті.
5.Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сәндік заттар шықты. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
Қола дәуірінің негізгі сипаттамасы
Металл игеру
Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді.
Ол негізінен мыс пен қалайының қосындысынан алынды.
Металл кеніштері:
Зыряновск;
Жезқазған маңайында;
Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған.
Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша, көне заманда:
Жезқазғаннан 1 млн тоннадай кен өндіріп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған.
Нарын мен Қалба кен орындарда 1100 тонна қалайы өңделген.
Көне замандағы кен өндірушілердің орны кенішке жақын орналасты.
Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандыққа салынды.
Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андрон мәдениеті деп аталады.
Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіші Андрон деген селоның маңынан табылған.
Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан.
Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті “Андрон мәдениеті” атанып кетті.
Аумағы:
Орал өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі;
Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.
Ғалымдар зерттеу нәтижесінде Андрон мәдениетінің қоныстарын тапты:
Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80-нен аса;
Арқайымды қола дәуіріндегі қалаға ұқсатты;
Петровка мен Боголюбов дуалдар қоршалған;
Орталық Қазақстанда 30 қонысты, 150 обаны зерттеді.
Андронов мәдениеті:
Дене құрылысы жағынан жағынан андроновтықтар еуропоидтерге ұқсаған.Сырт бет-бейнесін академик В.П.Алексеев былай сипаттайды:
Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен.Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған.
Қостанай жеріндегі қола дәуірі заманында еуропоидтық нәсілге жататын адамдар мекендеген, олар қыр мұрынды, ат жақты, өні ақшыл, шашы сарғыштау, бойы орташалау болып келген. Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бас сүйегін, антрополог М.М.Герасимов оның бет-пішінін жасаған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар рулық- тайпалық құрылымда өмір сүрді.
Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді.
Қауым ішінде осындай мал-мүлік теңсіздігінің шығуы барған сайын орнығып, келе-келе әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Беғазы - Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX - VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы - Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген акад. Әлкей Марғұлан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысындаАбыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады.
Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеум. дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімш. орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемл. бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңт. Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экон. тығыз байланыста дамыды. [1]