Дәріс тақырыбы: Мал сою технологиясы мен гигиенасы Қарастырылатын сұрақтар



бет6/34
Дата07.02.2022
өлшемі291,46 Kb.
#94288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
каз касапхана

Қасапхана екі автокөліктен, төрт тонналық тіркемелі фургоннан, алмалы-салмалы тоңазытқыштан, жылжымалы электр станциясынан, екі шатырдан т.б, жабдықтардан тұрады. Малды сою, мүшелеу бөлімі бір шатырға, ал тері тұздау бөлімі екінші шатырға орналастырылады. Қасапхананың жұмысына тәулігіне 20 текше метр ішуге жарайтын су қажет. Егер жақын жерде су көзі болмаса әр бас малды өңдеуге 80-100 л су есебінен тасып әкелінеді. Пайдаланған суды және жынды жинауға сою бөлімінен 20 м қашықтықта шұңқыр қазылып, ол өңдеу бөлімдерімен 30-40 см тереңдіктегі жырамен жалғастырылады.

  • Қасапхана екі автокөліктен, төрт тонналық тіркемелі фургоннан, алмалы-салмалы тоңазытқыштан, жылжымалы электр станциясынан, екі шатырдан т.б, жабдықтардан тұрады. Малды сою, мүшелеу бөлімі бір шатырға, ал тері тұздау бөлімі екінші шатырға орналастырылады. Қасапхананың жұмысына тәулігіне 20 текше метр ішуге жарайтын су қажет. Егер жақын жерде су көзі болмаса әр бас малды өңдеуге 80-100 л су есебінен тасып әкелінеді. Пайдаланған суды және жынды жинауға сою бөлімінен 20 м қашықтықта шұңқыр қазылып, ол өңдеу бөлімдерімен 30-40 см тереңдіктегі жырамен жалғастырылады.
  • Жұмыстың соңында қасапхана тұрған алаң тегіс тазартылып шұңқыр қалың топырақпен көміледі. Алаң құрғақ хлорлы әкпен (1 м2 ауданға 1 кг есебімен) залалсыздаңдырылады. Қазіргі кезде мал дәрігерлік талаптарға сәйкес түйе, жылқыны қасапханаларда союға рұқсат етілмейді.
  • Құс комбинаты. Мұнда құсты сою және алғашқы өңдеу, шұжық, консерві, жұмыртқа ұнтағын шығарады. Соған сәйкес құрылыста арнайы цехтар тұрғызылады. Құсты сою цехында құсты сою, оны алғашқы өңдеу жүргізіледі.
  • Су құбырлары және пайдаланылған суды тазарту. Пайдаланылған суда инфекция, инвазия қоздырушылары болуы мүмкін. Сондықтан ол төңіректі ауру таратудан қорғау талаптарына сәйкес жүргізіледі, залалсыздырылмаған, тазартылмаған су, су көздеріне қосылмауы қажет. Цехтарда пайдаланылған су едендегі тормен жабылған құдықтар арқылы, ұлпа қалдықтарын тығыз заттарды ұстайтын сифоннан өтіп, жалпы өндірістік тазалау жүйесіне қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет