Дәріс тақырыбы: Мал сою технологиясы мен гигиенасы Қарастырылатын сұрақтар


Сойыс малын өңдеудің технологиясы мен гигиенасы



бет7/34
Дата07.02.2022
өлшемі291,46 Kb.
#94288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
каз касапхана

Сойыс малын өңдеудің технологиясы мен гигиенасы. Мал союға дайындаудан өткеннен кейін алғашқы өңдеу цехына жіберіледі. Мұнда малдың ұшасы алынады, өзге ағзалары ары қарай ұқсатуға (тағамға, дәрі-дәрмекке, техникалық қажеттікке) дайындалады. Малды алғашқы өңдеу кезінде малдәрігерлік-санитариялық талапты катаң сақтаудың маңызы зор. Алынған өнімнің тағамдық сапасы осыған көп байланысты. Малды союдың барлық кезеңіңде ұша және мүшелер қатаң малдәрігерлік сараптаудан өтуге тиіс. Ірі ет өңдеу кәсіпорындарында малды сою, мүшелеу бөлімі оның ең жоғарғы қабатында орналастырылады. Ал қасапханаларда бұл негізгі цех болып табылады. Басқа цехтардың жұмысы осы цехтың жұмысына байланысты. Себебі олар өз жұмысына қажетті шикізатты мал соятын цехтан алады. Бұл цехтың санитариялық жағдайы, ондағы құрал-жабдықтардың орналасу тиімділігі т.б. сойған малдан алынатын өнімді толық пайдалануға, өнімнің сапасына, шығымына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мал сою цехы кең де жарық, биікгігі 4,5 м кем емес ғимаратқа орналастырылады. Әрине, цех жұмысының механикаландыру және автоматтандыру деңгейіне қарамастан, малды сою және алғашқы өңдеу бірыңғай технологиялық жүйемен жүргізіледі. Малды алғашқы өңдеу әр түлік малға (сиыр, қой, жылқы) арналған немесе ортақ жүйеде жүргізіледі. Ірі қараны (сиыр, жылқы, түйе, бұғы) өңдеу технологиясына орай малды сою және мүшелеу жұмыстары төмендегідей өндірістік үрдістерден тұрады: малды өңдеуге беру  есеңгірету  аспалы жолға көтеру  бауыздау  (қансыздандыру)  терісін сыпыру  ішек-қарынын ақтару (ішкі мүшелерінен алу)  ұшаны екіге бөлу  ұшаны тазалау  мал дәрігерлік-санитариялық сараптау (арнайы мал дәрігерлік байқау орындарында)  қоңдылығын анықтау және таңбалау  таразыға тарту, (массасын өлшеу) және етті тоңазытқышқа жіберу. Қойды сою да негізінен осы тәртіппен (есеңгірету, ұшаны бөлуден басқа) жүргізіледі.

  • Сойыс малын өңдеудің технологиясы мен гигиенасы. Мал союға дайындаудан өткеннен кейін алғашқы өңдеу цехына жіберіледі. Мұнда малдың ұшасы алынады, өзге ағзалары ары қарай ұқсатуға (тағамға, дәрі-дәрмекке, техникалық қажеттікке) дайындалады. Малды алғашқы өңдеу кезінде малдәрігерлік-санитариялық талапты катаң сақтаудың маңызы зор. Алынған өнімнің тағамдық сапасы осыған көп байланысты. Малды союдың барлық кезеңіңде ұша және мүшелер қатаң малдәрігерлік сараптаудан өтуге тиіс. Ірі ет өңдеу кәсіпорындарында малды сою, мүшелеу бөлімі оның ең жоғарғы қабатында орналастырылады. Ал қасапханаларда бұл негізгі цех болып табылады. Басқа цехтардың жұмысы осы цехтың жұмысына байланысты. Себебі олар өз жұмысына қажетті шикізатты мал соятын цехтан алады. Бұл цехтың санитариялық жағдайы, ондағы құрал-жабдықтардың орналасу тиімділігі т.б. сойған малдан алынатын өнімді толық пайдалануға, өнімнің сапасына, шығымына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мал сою цехы кең де жарық, биікгігі 4,5 м кем емес ғимаратқа орналастырылады. Әрине, цех жұмысының механикаландыру және автоматтандыру деңгейіне қарамастан, малды сою және алғашқы өңдеу бірыңғай технологиялық жүйемен жүргізіледі. Малды алғашқы өңдеу әр түлік малға (сиыр, қой, жылқы) арналған немесе ортақ жүйеде жүргізіледі. Ірі қараны (сиыр, жылқы, түйе, бұғы) өңдеу технологиясына орай малды сою және мүшелеу жұмыстары төмендегідей өндірістік үрдістерден тұрады: малды өңдеуге беру  есеңгірету  аспалы жолға көтеру  бауыздау  (қансыздандыру)  терісін сыпыру  ішек-қарынын ақтару (ішкі мүшелерінен алу)  ұшаны екіге бөлу  ұшаны тазалау  мал дәрігерлік-санитариялық сараптау (арнайы мал дәрігерлік байқау орындарында)  қоңдылығын анықтау және таңбалау  таразыға тарту, (массасын өлшеу) және етті тоңазытқышқа жіберу. Қойды сою да негізінен осы тәртіппен (есеңгірету, ұшаны бөлуден басқа) жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет