Мал өңдейтін кәсіпорындарына койылатын мал дәрігерлік-санитариялық талаптар. Техникалық жабдықталуы күшті, өзіндік технологиясы және білікті жұмысшы, қызметкерлері бар кәсіпорындарда малдан алынатын өнімдерді неғұрлым толық пайдаға асыруға мүмкіндік туады. Мұндай кәсіпорындарда тағамдық, дәрілік және әр түрлі өнімдер алынады. Ал малды арнаулы кәсіпорындардан тыс жерде сою едәуір экономикалық зиян келтіреді. Бұларда кейбір өнімдер (мәселен қан, сүйек, ішек-қарын, санитарлық жарамсыздықтар ж.б.) пайдаланылмайды және маман жұмысшылардың болмауынан еттің сапасы, шығымы төмендейді.