Ет өндеу кәсіпорындарының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Халыққа қажетті сапалы тағамдық өнімдер өндіру және жеңіл өнеркәсіпті сапалы шикізатпен қамтамасыз ету;
Ет, ет өнімдері, техникалық шикізат арқылы адамға малдан жұғатын аурулардан халықты сақтау;
Малды сою және оны өңдеу кезінде жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу;
Ет өндіретін кәсіпорындардан шығатын қалдықтар арқылы су, ауа, топырақты ластанудан сақтау.
Бұл міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін кәсіпорындардағы барлық мал дәрігерлік-санитариялық, тазалық, сараптау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру және техникалық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау керек.