Сапа және қасиеттердің иерархиялық құрылым сызбасы.
Теориялық квалиметрияда сапа қасиеттерінің қандай да бір иерархиялық жиынтығы ретінде қарастырылады. Сапа нысанның кейбір мүмкіндігінше жалпыланған кешенді қасиеттері ретінде қасиеттердің иерархиялық жиынтығының ең төменгі нөлдік деңгейінде қарастырылады. Ал оның құрамындағы аз жалпыланған қасиеттері иерархияның неғұрлым жоғары деңгейлерінде қарастырылады.
Қасиеттердің қарастырылу деңгейлерінің саны шексіз өсіп отыратын қасиеттердің иерархиялық сызбасы пайда болады. Жалпы жағдайда қасиеттердің иерархиялық құрылымын жасау кіші жалпы қасиеттерге, яғни жүйенің элементтері деңгейіне бөлшектенбейтін деңгейге дейін жүзеге асырылады.
Атап өтетін жайт сапаны интегралды (кешенді) бағалау үнемі қажет емес. Кейбір жағдайларда сапа қасиеттерінің бірінің ғана дифференциалды бағалауын алсақ жеткілікті. Мысалы, бірнеше біртекті нысандардың ішінен анағұрлым артығын таңдап алу бір нысанның қасиеттері үлгі ретінде алынған басқа нысанның тиісті қасиеттерімен салыстырылады. Алайда квалиметриялық бағалаудың объектісі ретінде жұмыс тиімділігі алынған жағдайда оның сапасы қасиеттері жиынтығы негізінде ғана бағалануы
мүмкін, себебі ешқандай, тіпті маңызды қасиеттің өзі жеке алғанда қызметтің құрылымы мен ерекшелігін қоса алғанда, метрологиялық қызметтің жұмысын сипаттай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |