- Келтірілген процестер көбік қабыршықтарының жұқаруына және олардың біртіндеп бұзылуына әкеліп жеткізеді.
Тұрақты көбіктер тек арнайы заттар-көбік түзушілердің қатысуында ғана түзіле алады.
Көбік түзушілер ретінде
коллоидты БАЗ-дар
ЖМҚ-тар қолданылады.
Осы заттар түзетін адсорбциялық қабаттар көбіктерден сұйықтың ағуын тежеп (баяулатып), көбік қабыршықтарын тұрақтандырады.
Көбіктердің негізгі қасиеттері
құрылымдық-механикалық (ығысудың шекті кернеуі және тұтқырлық);
оптикалық (жарықты шашыратуы және сіңіруі);
электр өткізгіштік.
Аэрозольдар
бұлар қатты зат бөлшектері немесе сұйық тамшылары газда қалқынқы (таралған) күйде жүретін (Қ/Г немесе С/Г) гетерогенді дисперстік жүйелер. Дисперстік фазаның агрегаттық күйі бойынша аэрозольдар тұмша [(С+Қ)/Г] түтін, шаң (Қ/Г) тұман (С/Г),
Аэрозольдардың молекулалық-кинетикалық қасиеттері
дисперстік фаза бөлшектерінің концентрациясының аз болуына;
дисперсиялық ортаның тұтқырлығының аз болуына;
дисперсиялық ортаның тығыздығының аз болуына.
Аэрозольдарға
Термофорез (дегеніміз не? Қосымша дәптерге),
термопреципитация, (дегеніміз не? Қосымша дәптерге),
фотофорез құбылыстары тән. (дегеніміз не? Қосымша дәптерге)
Ұнтақтар
ДФ-сы – қатты зат, дисперсиялық ортасы-ауа немесе басқа газ (Қ/Г) болатын жоғары концентрленген микрогетерогенді жүйені айтады.
Ұнтақтар үш белгі бойынша жіктеледі:
бөлшектердің пішіні бойынша (тең өсті, талшық тәрізді және жалпақ);
бөлшек аралық әрекеттесу бойынша (байланған дисперсті және еркін (бос) дисперсті);
ДФ бөлшектерінің мөлшері бойынша (құм (2·10-5≤ d≤ 2·10-3)м; шаң-тозаң (2·10-6≤ d≤ 2·10-5) м; опа (пудра) (d<2·10-6)м).