Бүгінгі философия ғылымының педагогика үшін әдіснамалық маңызы ерекше. Педагогика жеке пән ретінде философия және оның салалары – білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясы, тәрбие философиясы, мәдениет философиясының жетістіктеріне сай терең мәндегі ұғым нәтижесінде шешімін табады
Қорыта келгенде,
•
біріншіден педагогиканың «тұрмыстық» мәнін айқындайды. Әрбір адам өзінің өмірінде педагогтың рөлін ойнайды яғни, жұмыс бойынша әріптестерін, отбасының мүшелерін, өзінің балаларын тәрбиелейді және оқытады.
•
Екіншіден, педагогиканың практикалық мәнін ерекшелейді. Ересек ұрпақтардың жастарға өмірлік тәжірибесін берумен байланысты адамзат іс-әрекетінің бір аймағы ретінде педагогиканы қарастырады.
•
Үшіншіден, педагогика ғылым ретінде және бір мезгілде адамды басқару өндірісі ретінде түсіндіріледі.
Педагогика дара және қоғамдық, табиғи ажырамас бірліктегі адамның дамуына әсер ететін тәсілдерді жетілдіреді және таниды. Сондықтан, педагогикалық білім, теориялар, моделдер, болжамдар және ұсыныстар дамушы адам туралы жүйелі және тұтас білімнің іргесінде ғана құрылады; оны психология, философия, тарих, әлеуметтану және басқа да адам туралы ғылымдар туындатады.
•
Төртіншіден, педагогика оқу пәні ретінде оқыту мен тәрбиенің теориялық және практикалық аспектілерін қарастырады.
•
Бесіншіден, педагогиканың мағынасы гуманитарлық білім өндірісі ретінде қазіргі заман өмірінің жалпы мәдени құрамына енеді. Ол адамның педагогикалық мәдениеті сапасынан көрінеді.
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 34.
Қосымша әдебиеттер: 9, 10, 16, 22..
Достарыңызбен бөлісу: