Бірізділілік-жаңа білім мазмұнын жоспарлаудағы, оның алғашқы білімнен тууын және оған сүйенуін жүзеге асыру.
Халықтық - мектепте оқылатын курстардың даму тарихын, адамзат тәжірибесін, ғылыми мәселенің дамуын көрнекті қайраткерлер өмірімен байланыстыра отырып білім беру.
Теорияның практикамен байланысы – оқыған, қалыптасқан біліммен іскерліктің өмірге қажеттілігін тексеруде көрініс береді.
Түсініктілік – оқу жоспары мен оқу бағдарламалардың құрылымымен, оқулықтардағы ғылыми білімнің баяндалуының тәсілімен, сонымен қатар ғылыми түсініктер мен ұғымдардың енгізілу ретінің тиімділігімен анықталады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және даралығына сай болу білімнің, қалыптастыратын іскерлікпен, дағдының оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабілетіне,дайындығына сай болуын қамтамасыз етеді.
Жүйелілік-білімнің қалыптастыратын іскерлікпен, дағдының бір жүйеде, оқу жоспарына, бағдарламаларына, әлеуметтік қоғамның, ғылыми техниканың даму деңгейіне сай болуын талап етеді.
Білім берудің жалпы түрлері- политехникалық, кәсіптік, арнайы орта, арнайы жоғары, жоғары білімнен кейінгі.
Білімді іріктеу критерийі
Достарыңызбен бөлісу: |