Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет103/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd
downloadPdfUmkd, test 8 2, общ тероия 3 саб
Имитациялық ойындар 
         Имитациялық  ойын  дегеніміз  адамдардың  қалыптан  тыс  (экстремалды) 
жағдайлардағы  әрекеттерін  анықтайтын  өмір  сүру  ортасының  үлгісін 
(модельін)  құру.  Мұндай  жағдайлар  қатарына  «жанжал»,  «әуе  апаты»  «жер 
сілкінісі»,  «кеме  апаты»,  «Робинзон»,  «жау  тылында»,  «тұтқында»  секілді 
оқиғаларды жатқызуға болады.  
         Имитациялық  ойындарда  студенттер  өмірде  тууы  мүмкін  оқыс 
жағдайларды  қайталап  (иммитациялау),  шаруашылық,  басқару  әлеуметтік, 
психологиялық  шешімдерді  қабылдауды  үйренеді.  Бұл  ойындар  қарым-
қатынастың  әртүрлі  тәсілдері  арқылы  жүзеге  асырылады:  пікірталас,  келіссөз 
жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу.  
         Иммитациялық 
ойындар 
жаңа 
ортаға 
бейімделу 
дағдыларын 
қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Мұндай ойындарда студентттер үйреншікті 
қалыптан өзгеше жағдайларда (ситуацияларды) өздерінің күнделікті құлықтары 
мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, проблеманың шешімін табады.  
         Көшбасшылық  (лидерлік)  немесе  басқару  дағдыларын  қалыптастыру 
тренингтері  болашақ  маман  және  басшы  ретінде  студенттердің  көшбасшылық 
қасиеттерін дамытуға бағытталады.  
         Мұндай  тренингтерде  тыңдаушылар  ұжымды  басқарудың  кейбір 
ерекшеліктерімен танысып, ұжым қызметшілерін ынталандыру, бірлесе жұмыс 
жасауды  ұйымдастыру,  шешім  қабылдау  және  де  басқа  дағдыларды 
қалыптастыруға  белсенді  әрекеттер  арқылы  үйренеді.  Бұл  әрекеттердің 
қатарына  ситуацияларды  ойнау  және  талдауды,  іскерлік  және  рөлдік 
ойындарды, пікірталастарды жатқызуға болады.  
         Үйрену нәтижесінде қатысушылар басқару ісіне (жоспарлау, таңдау және 
шешім  қабылдау,  бақылау,  бағалау,  болжау,  ынталаныдру,  т.б.)  талдау  жасап, 
басқару  мәселелерін  тиімді  шешудің  әрекеттері  мен  алгоритмдеріне  үйренеді, 
өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытады.  


 
 
         Мұндай  тренингтер  «көшбасшы  деген  кім?»,  «Бәсеке  және  билік», 
«басшылықтың  қасиеттері  қандай  болуы  керек?»,  «келіссөздерді  жүргізу», 
«Конфликтерді басқару» тақырыптарын қарастыруға болады.  
         Соңғы  кезде  үйрену  процесінде  видеотренингтердің  қолдануы  күрт 
ұлғаюда. Олардың ерекшелігі видео жахбаларды оқу мақсатында қолдануда.  
         Видеотренингтер  ойын  әрекеттеріне  негізделіп,  екі  кезеңнен  тұрады. 
Бірінші  кезеңде  берілген  тапсырма  бойынша  студент  немесе  студенттердің 
шағын  тоыб  проблема  шешудің  жолдарын  іс-әрекет  тұрғысынан  көрсетіп 
береді.  Мәселен,  оқытушы  студенттерге  тұлға  аралық  немесе  іскерлік 
қатынаста  туындайтын  ситуациялар  ретінде  жиналыс  жүргізу  немесе  онда  сөз 
сөйлеу,  тұтынушымен әңгімелесу, жұмысқа қабылдау немесе тұру, бастықпен 
немесе  қол  астындағы  қызметкермен  сөйлесу  сияқты  жағдайаттарды 
аудиторияда көрсетіп, рөлдердің көмегімен ойнап шығуды ұсынады. Бұл үшін 
топ  (топтар)  өз  әрекеттері  мен  диалогтарын  бірер  уақыт  талқылап, 
жоспарлайды.  
         Осыдан  кейін  топ  проблемала  шешімін  өз  түсінігінен  туындаған  қалыпта 
көрсетеді  де,  олардың  әрекеттері  оны  бейне  таспадан  көреді.  Мұнда 
ситуацияны «қоюшы» студенттер өз әрекеттерін тағы да басынан өткеріп, басқа 
студенттермен  бірге  оларды  талқылау  және  бағалау,  ұсыныстар  жасап, 
өзгертулер енгізу мүмкіншілігін алады.  
         Әрине  бұл  жұмыста  оқытушы  мен  басқа  студенттердің  сұрақтары, 
пікірлері мен ұсыныстары тек позитивті тұрғыдан болғандығы дұрыс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет