Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет110/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd
downloadPdfUmkd, test 8 2, общ тероия 3 саб
Дәріс  құрылымы:  мақсаты,  жоспары,  тақырыпқа  байланысты  әдебиеттер 
тізімі,  әр  сұрақтан  кейінгі  қысқаша  қорытынды,  лекция  соңындағы  жалпы 
қорытынды. 
Дәріс  сапасын  бағалау  критериилері:  мазмұны,  оқу  әдістемесі, 
студенттердің  жұмысын  басқару,  оқытушының  лекторлық  шеберлігі,  дәрістің 
нәтижелілігі. 
Проблемалық  лекция 
Проблемалық лекцияларда қарастырылып жатқан тақырып бойынша бір-
біріне  қарама-қарсы  пікірлер  мен  көзқарастар  немесе  қалыптасқан  түсінікке 
қайшы  теориялар  келтіріледі.  Бұл  жерде  басты  мақсат  студентті  үйреншікті 


 
 
қалыптан шығарып, білім игеру процесін өзіндік тұрғыдан ұйымдастыру болып 
табылады:  студент  келтірілген  пікірлерді  таңдау  мен  дәлел  келтіру  арқылы 
өзіндік түсінік қалыптастырады. 
Проблемалық  лекцияда  басты  назар  күрделі  теориялық  мәселелерге 
аударылып, пікірталас тудыратын сұрақтар қойылады, олардың ішінен біреуін 
таңдауды  талап  етіліп,  студенттердің  өзіндік  пікір  қалыптастырылуына  жол 
беріледі.  Бұл  әдіс  студенттерді  проблемалық  сұраққа  жауап  іздеуге 
ынталандырып,  зерттеу  жұмысына  баулиды.  Мұндай  ізденіс  барысында 
студенттердің  өздері  де  проблемалық  (екіұшты,  дәлелдеуді  қажет  ететін, 
пікірталас  туғызатын,түсінікке  қиын,т.б.)  сұрақтарды  қойып,  оларға  өздігінен 
жауап беру тұрғысынан ізденеді. Сол себепті де проблемалық лекция диалогқа 
және зерттеу процесіне ұқсас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет