шығармашылық ұжымы жоғары оқу орынындарының лабораториялары мен
өндірістерде зерттеумен, жобалау-конструторлық талдамалармен айналысатын,
оның ішінде кешенді дипломдық және курстық жобаларды орындаумен, кейін
нәтижесі қызығушылық танытқан өндірістерге енгізетін ғылыми-техникалық
отрядтарға қатысуы міндетті болып саналады.Бұл студенттерге нақты
міндеттер мен олардың шешімін, жобасын жасауға және өздерінің
ұсыныстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Студенттер жоғарғы оқу орындарының ұжымдық шығармашылық және
ұйымдасқан жұмыстардың дағдыларын үйрену мақсатында жоғары оқу
орындарының лабораториялары мен кафедраларына, өзінің қызмет саласының
ұйымдар мен мекемелеріне тәжірибелік көмек көрсететін ғылыми, техникалық,
жобалау, экономикалық және басқа да ұйымдардың құрамында ғылыми-
зерттеу жұмысын жүргізе алады.
Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет,
экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді
көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып
жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына
сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми
жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына
ерекше назар аудару керек.
Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми,
технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты
алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар
қоятын бітіруші кафедра бақылайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция,
үйірме
отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: