Білім мазмұнын қалыптастыру принциптері.
Ізгілендіру принципі- адамның дамуындағы еркінділігіне, жалпы
адамилығына, денсаулығына басты мән беруді қамтамасыз етеді.
Ғылымилық-мектептегі оқытылатын білімнің соңғы ғылыми, әлеуметтік
және мәдени жетістіктерге сай болуында көрініс береді.
Бірізділілік-жаңа білім мазмұнын жоспарлаудағы, оның алғашқы білімнен
тууын және оған сүйенуін жүзеге асыру.
Халықтық - мектепте оқылатын курстардың даму тарихын, адамзат
тәжірибесін, ғылыми мәселенің дамуын көрнекті қайраткерлер өмірімен
байланыстыра отырып білім беру.
Теорияның практикамен байланысы – оқыған, қалыптасқан біліммен
іскерліктің өмірге қажеттілігін тексеруде көрініс береді.
Түсініктілік – оқу жоспары мен оқу бағдарламалардың құрылымымен,
оқулықтардағы ғылыми білімнің баяндалуының тәсілімен, сонымен қатар
ғылыми түсініктер мен ұғымдардың енгізілу ретінің тиімділігімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |