Білімді іріктеу критерий- білімнің тұтастылығы, жас
ерекшеліктерін ескеру,
уақыт мөлшеріне
сай болуы, оқу-әдістемелік, материалдық базаға сай болуы,
халықаралық
тәжірибеге сай болуы, ғылыми-практикалық мәнділігі.
1.
Білімнің тұтастылығы- білім мазмұнының жалпы білім беру
тұрғысынан барлық ғылым саласының проблемаларын және әдістерін
қамтуды, оқушыларға шығармашылық, өз бетімен ойлау, демократиялық
сананы қалыптастыруды көздейді.
2.
Жас ерекшеліктерін ескеру – білім беру мазмұнының күрделілігі
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы.
3.
Уақыт мөлшеріне сай болуы- білім мазмұнының берілген уақыт
мөлшерінен аспауы.
4. Халықаралық тәжірибеге сай болуы - білім маз-мұнының
құрылымының халықаралық тәжірибеге сай болуы.
5. Оқу-әдістемелік, материалдық базаға сай болуы – білім
мазмұнының оқыту мекемелерінің оқу-әдістемелік-материалдық базасына
сай болуы.
6. Ғылыми-практикалық мәнділігі – білім мазмұнының, жеке оқу
пәндерінің және оқу пәндерінің жүйесінің жоғары ғы-лыми- практикалық
мәнде болуы. Оқу пәндеріне жалпы білім беру тұрғысынан қажетті
жалпығылыми білім туралы білімді қамту: анықтама, ғылыми фактілер,
теория,
концепция, процесс.
Достарыңызбен бөлісу: