Мемлекеттік білім беру стандарты (ағыл. standard – норма, үлгі).
Стандарт сөзін кең мағынада алғанда басқа да ұқсас обьектілермен салыстыру
үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі. Стандарт нормативтік-
техникалық құжат ретінде стандарттау обьектісіне деген нормалардың,
ережелердің, талаптардың кешенін белгілейді, ал оны тиісті орган бекітеді.
Қазақстанның білім беру жүйесіне алғаш енгізілген Мемлекеттік білім
беру стандартына сәйкес, білім беру мазмұнының әрбір бағыты, әрбір
мамандық бойынша ортақ талаптары белгіленген. Стандарт жас маманның
тиісті мамандық пен тұлғалық сапа деңгейіне ие болуына қажетті, жалпыға
міндетті, білім, білік, дағды түрлерін белгілеп береді.
Мемлекеттік білім беру стандарты - нормативтік құжат. Ол,
әлеуметтік мәдениет ортасының жай-күйін қызығушылық танытудың
қажеттілігімен мүмкіндіктерін есепке алады және білім берудің оптимальды
соңғы нәтижесіне негіздеді.
Достарыңызбен бөлісу: |