Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет167/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

 
 
Дәріс  тақырыбы  №14.  Жоғары  мектепте  тәрбиені  ұйымдастырудың 
негізгі принциптері. 
2. 
Тәрбие принциптері туралы жалпы түсінік. 
3. 
Тәрбие 
заңдылықтары 
мен 
принциптерінің 
өзара 
байланысы. 
4. 
Тәрбие принциптеріне сипаттама. 
1. 
Тәрбие принциптері туралы жалпы 
түсінік. 
Тәрбие  принциптерін  анықтау  –маңызды  әдіснамалық  және  ғылыми-
теориялық мәселелердің бірі. Тәрбие принциптерін құрудың негізі  - тәрбиенің 
объективті заңдылықтары. 
Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары 
 
Жалпы  заңдылықтардың  тәрбие  үрдісіне  ықпал  ету  өрісі  барлық  жүйеге 
қатысты  таралады.  Жалпы  заңдылықтар  тәрбие  жүйесінің  неғұрлым  үлкен, 
маңыздыларының  өзара  байланысын  көрсетеді.  Жүйенің  бөлек  компоненттері 
арасындағы  байланыстарды  айқындайтын  заңдылықтар  нақты,  жеке  болып 
есептеледі. Тәрбие жалпы педагогикалық үрдістің бөлшегі ретінде оның барлық 
заңдылықтарына бағынады. Әрі осы үрдістегі байланыстар анықталып, ондағы 
ауқымды,  үлкен  жүйелерге  тән  даму  мен  қалыптасу  сипаттары  байқалады. 
Міне,  мұнан  тәрбие  үрдісінің  көп  қырлы  әрі  өте  күрделі  екендігіне  көз 
жеткізуге  болады.  Талданатын  заңдылықтар  барлық  байланыстарды 
бейнелемейді: олар жүйедегі байланыстардың кіші бөлімдерін ғана қамтиды. 


 
 
 
Тәрбие  заңдылықтары  тәрбиенің  қоғамдық  қажеттілік  пен  әлеуметтік 
жағдайға тәуелділігінен туындайды да, жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу, білім 
беру  процестерінің  өзара  байланыстылығына,  тұтастығына  негізделеді.
 
Педагогикалық үрдістердің заңды байланыстарын ескеру ұжым мен жеке 
тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың неғұрлым тиімдірек тәсілдерін таңдап алуға 
мүмкіндік 
береді. 
Әрбір 
тәрбиеші 
мен 
тәрбиеленушінің 
өзара 
ынтымақтастығын  дамыту  жолын  көрсетеді.  Ынталандыру  құралдары  мен 
әдістерінің  орнын,  мәнін  ашуға  көмектеседі,  орынды  қолдануға  мүмкіндік 
береді.  Жеткіншектердің  дамуында  іс-әрекет  пен  қарым-қатынастың  маңызды 
рөл  атқаратындығы,  тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  балалардың  жас  және 
жеке,  жыныстық  ерекшеліктерін  ескеруді  қажет  етеді.  Осы  негізге  сүйене 
отырып басты заңдылықтарды бөліп алуды жөн көрдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет