Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет171/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

 
 
 
Тәрбие  қағидасы  – тәрбиенің  жалпы  заңдылықтарын  көрсететін  ережелер 
жиынтығы.     Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тұрақты ынтымақтастығы, тәрбие 
процесінің  жүйелілігі  мен  қалыптылығын,  реттігін  қарастырады.  Біртұтас 
тәрбие процесінде тәрбие принциптері өзара байланысты әрі бір-біріне тәуелді 
болады. 
1.    Объективтік  факторлар  (фактор  –  лат.    –  оқиғаның  қозғаушы  күші,  
себебі-  қоғамның  негізін  құрайтын  қоғамдық  құбылыстар  мен  процестер.  
Қоғамның әлеуметтік –экономикалық даму деңгейі.  Ол міндетті түрде тәрбиеге 
әсерін  тигізеді.    Қоғамның  жалпыадамзаттық  құндылықтары  мен  ұлттық 
мәдени  құндылықтары.    Субъективтік  фактор  –  осы  қоғамда  өмір  сүретін 
адамдардың саналы,  белсенді іс-әрекеті.   
2.Жеке  адамның  табиғатына,    оның  психикалық  ерекшеліктеріне    (жас 
және  дара  ерекшеліктері  ескерілу  керек.    Жеке  адамның  дамуы  тәрбиенің 
сапасына  байланысты  және  тәуелді.    Алуан  түрлі  тәрбиенің  формалары  мен 
құралдарын,  әдістерін пайдаланғанда жеке тұлғаның дамуының диагностикасы 
қарастырылу қажет,  тәрбиенің сапасы балалардың даму деңгейіне байланысты.  
Н.  И.  Болдырев:  «Жеке  адам  өзінің  дамуында  әлеуметтік  тәжірибені  меңгеру 
ғана  емес,    оның  психикалық  іс-әрекетінің  сапалық  өзгеруінде,    былайша 
айтқанда  адамның  бойында  мінез-құлық  пен  қасиеттердің  жаңа  сапасы  пайда 
болу керек.  
3.  Психолог  Рубинштейн:  «  Жеке  тұлға  тек  іс-әрекет  болса  ғана  дамиды.  
Жеке  адамның  тәрбиесі  мен  дамуы  тәрбие  процесінің  қатысушыларына  да 
байланысты.    Олардың  бір-бірімен  араласуы,    қарым-қатынастың  мазмұнына 
байланысты.  Педагогтың мінез-құлық стилінің орны ерекше.  Тәрбие мен өзін -
өзі тәрбиелеу заңдылығы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет