Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет179/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd
downloadPdfUmkd, test 8 2, общ тероия 3 саб
Реформаның 
төртінші 
бағыты, 
білім 
сапасын 
бақылауды 
орталықтандыру. 


 
 
Қытайдағы  педагогикалық  білім.  1978  жылдан  бастап  білім  саласында 
көптеген табыстарға қол жеткізді. Бар болғаны 30 жылдың ішінде басқа елдер 
жүз жылда қол жеткізетін табыстарға жетті. Қытай мемлекеті қандай мамандық 
болмасын ең жоғары кәсіпқойлыққа қол жеткізу керек деген пікірді ұстанады. 
Саясаттың  ашықтығы  жүзеге  асқан  соң  экономикалық  даму  әсерінен  білім 
саласына  бөлінетін  қаржы  арта  түсті.  Қытай  мемлекеттік  педагогикалық 
қоғамның басшысы ГУ Миньюань 30 жыл ішінде көптеген табысқа ие болды: 
міндетті  тоғыз  жылдық  білім,  тегін  білім  және  жоғары  білімді  дамытудағы 
табыстылық көзделді. 
Онда,  2006  жылы  қабылданған  білім  туралы  Заң  2010  жылға  дейінгі  білімді 
дамыту  қарастырылған.  1999  ж.  кадрларға  болған  сұранысты  қанағаттандыру 
үшін   жоғары оқу орындарына қабылдау санын арттырды. 
Қытайдағы  педагогикалық  білім  Ресей,  Жапон,  АҚШ-тың  тәжірибесі 
негізінде  қайта  құрылып,  онда  өз  мәдениетінің  ерекшеліктерін  де  ескеруді 
қаперден  шығармады.  Олардың  білім  саласында  «үздіксіз  оқу»  пікірі 
орныққан.  Тоқсаныншы  жылдардың  бас  кезінде  жоғары  оқу  орындарында  
оқу  тегін  болды.  Педагогикалық  оқу  орындары  студенттерге  тұрғын  үй 
ақысы  төленіп,  тамақтану  тегін  болды.  Қазіргі  кезде  студенттер  оқу  үшін 
алты  жүз  доллар  төлейді.  Аз  қаржыланған  студенттерге  материалдық  көмек 
ретінде оқу ақысынан төлеуден босатылады, оларға жұмыс тауып береді,  үздік 
студенттерге  сыйлықтар беріледі т.с.с. жеңілдіктер көзделген. 
Жоғары  және  орта  білім  саласын  қаржыландыру  мемлекет  тарапынан 
ғана  емес  ата  -  аналар  мен  бизнесмендердің  де  үлес  қосу  қажеттігі  бар. 
Бұл  басты  мәселенің  бірі.  Екінші  бір  мәселе,  жас  мамандарды  қызметке  
орналастыру.  Бұл  ретте  Қытайда  оқыту  мен  өндіріс  ұштастырылған.  Осыған  
орай онда әр түрлі салалар мен ведомстволарды кәсіпорындарды ұйымдастыру 
жүзеге асырылуда. Өндіріспен сабақтастыру үшін оқушылары қалада екі жыл, 
ауылда  1  жыл  өндіріске  араласып  оқиды  және  еңбектенеді.  Үшінші  мәселе, 
болашақ  педагогтарды  өздігімен  ізденуге  алған  білімін  қолдана  білу  және 
жетілдіруге ынтасын қалыптастыру. Қытайда жоғары білім үздіксіз оқу пікірін 
ұстанады. Сондықтан жұмыс істей жүріп оқу, қайтадан оқу, техникалық білімін 
дамыту  мүмкіндігі  мол.  XX  ғасырдың  соңына  таман  қытайда  педагогикалық 
білім  үш  деңгейлі  болды:  ЖОО  орындарында  негізгі  және  қысқа  мерзімді 
курстар,  орта  кәсіптік  оқу  орынынан  тұрады.  Қазіргі  кезде  бұл  екі  сатылы: 
негізгі және қысқа мерзімді жоғары білім. 
Ал  педагогикалық  білім  ашықтығымен  ерекшеленеді.  Оның  негізінде 
педагогикалық  оқу  орындары  жатады,  педагогикалық  білім  жүйесі  әлемдегі 
алдыңғы  тәжірибелер  негізінде  және  бұрыннан  келе  жатқан  білім  саясаты 
негізінде  қалыптасып  келеді.  2020-жылы  Қытай  Халық  Республикасы  білім 
саласын реформалауды тәмамдамақ. Ол мынадай: 

білім  жүйесін  құру:  азаматтар  өмір  бойы  оқитын  заманауи  білім 
жүйесін құру қытайлық ерекшелігі бар білім жүйесін құру; 

кадрлар  даярлау  шығармашылық  әлеуеті  күшті  көптеген  жоғары 
квалификациялы кадрларды даярлау;  


 
 
-     зияткерлікке салық салу: білімнің ғылыми-техникалық жаңалықтарға және 
экономикалық  құрылымдарға,  білімге  сол  арқылы  мәдениеттің  гүлденуі 
қоғамдық прогресс осының барлығы зияткерлік қолдау арқылы жаңғырады.  
Сонымен  қазіргі  Қытайдағы  білім  жүйесі  мынау:  мектепке  дейінгі  білім, 
бастауыш  мектеп,  толық  емес  орта  мектеп,  толық  орта  мектеп,  университет, 
аспирантура. 
Педагогикалық  білім:  педагогикалық  қолледж,  педагогикалық  университеті, 
институттары  бар.  Педагогикалық  колледжге  толық  орта  біліммен  1-курсқа 
түседі.  Теледидар  арқылы  оқу  университеті  –  компьютерден  бұрын  пайда 
болған,  оны  көру  арқылы  жоғары  білім  –  дианыли  дашийө  –  деп  атайды. 
Университеттерде  4  –жылдық  бакалавр  және  бес  жылдық  білім  беру  түрлері 
бар.  Пединституттарда  кәсіби  пәнімен  қоса,  әдістеме,  педагогика,  психология 
оқытылады. Жоғары білімнен кейінгі білім аспирантура, доктарантура түрінде 
жалғасады. 
Білімді  бағалауда  жазбаша  –  объективті  сұрақтарға  жауаптар  жазбаша  тест 
секілді  жазылады.  Субъективті  –  өз  түсінігі  бойынша  жауап  беретін  сұрақтар 
қолданылады.  Сұрақтардың  бірнеше  түрлері  бар:  а,б,с,  талдау;  қате-дұрысын 
ажырату;  бос  орын  толтыру;  анықтамаларға  жауап  беру,  өз  түсінігі  бойынша 
баяндап жауап беру. 
Жоғары  оқу  орындарында  4  рет  емтихан  тапсырады,  сосын  әр  жолғы  алған 
бағасына  қарай  жылдық  қорытынды  пайызбен  шығарылады.  Қытай  Халық 
Республикасының  мектептегі  білім  саласынан  үйренетін  тұсы  оқушыларды 
еңбекке  тәрбиелеудің  практикадағы  қуаттылығы,  айталық  ақыл-ой  еңбегі 
болсын,  дене  еңбегі  болсын  кұлшына  кіріспесе  нәтиже  болмайтындығын 
оқушылардың  ұғынып  шығуы;  тәрбиенің  ұлттық  мәнін  ұғымтал  жүзеге 
асырылуы білім берудің ерекшелігі болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет