Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет68/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Сөздіктерде,  кұзіреттілік  -  білім,  білік,  дағдыларына  сүйеніп  мәселені  өз 
бетінше  шеше  алатын  мүмкіндігі  бар  жеке  тұлға;  теориялық,  танымдық  және 
тәжірибелік  іскерлігін  меңгеру  дәрежесін  көрсететін  тұлғаның  білімділік 
деңгейі.  Ал  педагогикалық  кұзіреттілік  -  оқыту,  тәрбиелеу,  білім  беруге 
байланысты  білім, білік,  дағыдалырын    пайдаланып кез  келген  педагогикалық 
мәселені  өз  бетінше  шешу  мүмкіндігі  бар  кәсіпқойлық.  Педагогикалық 
кұзіреттілікке 
жақын 
келетін 
«педагогтың 
кәсіби 
құзіреттілігі», 
«психологиялық  кұзіреттілік»,  «психологиялық-педагогикалық  кұзіреттілік» 
деген 
ұғымдар 
бар.Педагог 
ғалымдардың 
зерттеулеріне 
қарағанда 
педагогикалық құзіреттілік білім, білік, дағдылар және іс-әрекетті жүзеге асыру 
тәсілдері  кіреді.  Педагогикалық  құзіреттілік  жайлы  зерттеулеріне  сүйене 
отырып  педагог  ғалымдар  оған  әр  түрлі  анықтамалар  берген.  Мысалы, 
Ю.Н.Емильянова  кең  мағынада  педагогикалық  құзіреттілік  -  белсенділіктің 
әлеуметтік  және  жеке  тұлғалық  формасын  жоғары  деңгейде  меңгерген, 
тұлғаға өз қабілеттері ауқымында қоғамда табысты қызмет атқаруы-дейді. 
Е.И.Оғаревтың  пікірінше  педагогикалық  құзіреттілік  -  бұл  бағалау 
санатына  жататын  ұғым.  Ол  бойынша  адамды  арнайы  іс-әрекетте 
сипаттайды,  мұндағы    маңыздысы  -  адамның  қабілеттері  істі  кәсіпқойлықпен 
орындауына,  жауапкершілікті  шешімдер  қабылдауына,  іс-қимылын жоспарлау 
және  жүзеге  асыруына  алып  келеді  де  қойылған  мақсатты  табысты  орындап 
шығады. Басқаша айтқанда құзыреттілік - адамның іс- әрекетін білімдарлықпен 
жүзеге асыруға қабілеттілігі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет