Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Рөлдік ойынды келесідей ұйымдастыруға болады



Pdf көрінісі
бет95/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd
downloadPdfUmkd, test 8 2, общ тероия 3 саб
                             Рөлдік ойынды келесідей ұйымдастыруға болады 
1.  Проблема (тақырып) айқындау
         Оқытушы  студенттерге  алдан-ала  талқылауды,  пікір  таластыруды  қажет 
ететін  тақырып  немесе  шешімі  қажет  проблеманы  ұсынады.  Студенттер 
жекелей  тақырып  немесе  проблеманы  қарастырып,  ұсынылған  әдебиетпен 
танысып, сабаққа дайындалып келеді.  
         Егерде  рөлдік  ойында  ауқымды  мәселелер  талқыланатын  болса,  онда 
студенттер  қоғамның  негізгі  саяси  және  партиялар,  ойын  қандай  да  бір 
әлеуметтік  топтары  немесе  олардың  мүдделерін  жақтайтын  саяси  партиялар, 
кәсіпорындар,  компаниялардың  рөлдерін  «ойнайды».  Ал  егер  ойын  қандай  да 
бір  әлеуметтік  маңызы  бар  проблеманы  көпшілік  тұрғысынан  шешуге 
бағытталса,  онда  студенттер  пікірлер  мен  көзқарастар  тұрғысынан  бөлінеді: 
«жақтаушылар»  немесе  «қарсы  шығушылар»,  «жаңашылдар»  немесе 
«консерваторлар».  
         Мұндай  топтардың  кемінде  екеу  болғаны  дұрыс.  Алайда  қоғамда  сан 
алуан  түрлі  пікірдерді  туғызатын  мәселелерді  қарастырғанда  (мәселен,  ұлт 


 
 
мәселесі,  экономикалық  дағдарыс,  рухани  ахуал)  топтар  санын  ұлғайтып 
жіберуге  де  болады.  Бірақ  олардың  жалпы  саны  4-5-тен  аспағандығы  дұрыс, 
өйткені  рөлдердің  көптігі  талқылауды  бөлшектеп  жіберіп,  сабақты 
ұйымдастыруды қиындатуы ықтимал.  
         Топ  ішінде  де  студенттер  жеке  рөлдерге  бөлінуі  мүмкін.  Мұндай  бөліну 
екі тұрғыдан жүзеге асырылады: 
1)  Лауазымдық  тұрғыдан,  яғни  әлеуметтік  топ  ішіндегі  қызметтеріне 
сәйкес бөлінуі. 
         Мысалы,  егер  студенттер  тобы  өкімет  рөлін  ойнайтын  болса,  онда 
студенттер премьер-министр рөлдерін өзара бөліп алуы керек.  
2)  Қызмет  (функция)  тұрғысынан,  яғни  топ  ішінде  ұстанатын  позиция 
мен атқаратын әрекеттерге сәйкес бөлінуі.    
         Мәселен,  студенттер  жоғарыда  келтірілген  көшбасшы,  ынталандырушы, 
күманданушы, сынаушы, т.б. рөлдерді бөліске салуы мүмкін.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет