Мұндай тренингтер «көшбасшы деген кім?», «Бәсеке және билік»,
«басшылықтың қасиеттері қандай болуы керек?», «келіссөздерді жүргізу»,
«Конфликтерді басқару» тақырыптарын қарастыруға болады.
Соңғы кезде үйрену процесінде видеотренингтердің қолдануы күрт
ұлғаюда. Олардың ерекшелігі видео жахбаларды оқу мақсатында қолдануда.
Видеотренингтер ойын әрекеттеріне негізделіп, екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде берілген тапсырма бойынша студент немесе студенттердің
шағын тоыб проблема шешудің жолдарын іс-әрекет тұрғысынан көрсетіп
береді. Мәселен, оқытушы студенттерге тұлға аралық немесе іскерлік
қатынаста туындайтын ситуациялар ретінде жиналыс жүргізу немесе онда сөз
сөйлеу, тұтынушымен әңгімелесу, жұмысқа қабылдау немесе тұру, бастықпен
немесе қол астындағы қызметкермен сөйлесу сияқты жағдайаттарды
аудиторияда көрсетіп, рөлдердің көмегімен ойнап шығуды ұсынады. Бұл үшін
топ (топтар) өз әрекеттері мен диалогтарын бірер уақыт талқылап,
жоспарлайды.
Осыдан кейін топ проблемала шешімін өз түсінігінен туындаған қалыпта
көрсетеді де, олардың әрекеттері оны бейне таспадан көреді. Мұнда
ситуацияны «қоюшы» студенттер өз әрекеттерін тағы да басынан өткеріп, басқа
студенттермен бірге оларды талқылау және бағалау, ұсыныстар жасап,
өзгертулер енгізу мүмкіншілігін алады.
Әрине бұл жұмыста оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтары,
пікірлері мен ұсыныстары тек позитивті тұрғыдан болғандығы дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: