деңгейде болатындығы жөнінде. Топтық жұмыста студенттер талқылау мен ой
бөлісу арқылы білімдерін өрбітіп қана қойман, қиындық туғызған
проблемалардың тізімін анықтап, жазып қояды.
- Жариялау. Оқытушы әрбір топтан бір студенттің ауызша жауап беруін
сұрайды. Жариялауда барлық топтардың жауаптары тыңдалғаны дұрыс, алайда
уақыт тапшы жағдайда оқытушы бір топтың жауабымеи шектеліп басқалардан
жауапты қысқаша толықтыруды немесе онымен келісетін/келіспейтіндігін
ғана сұрауы мүмкін.
- Қорытындылау. Оқытушы тақтаны (немесе плакатты) екі бағанға бөліп,
сол жағын «Не білеміз?», ал оң жағын «Қандай проблемалар бар?» деп атап,
студенттердің жауаптарын жазады.
Әрі қарай сабақта студенттер айқындаған проблемалар мен сұрақтар
қарастырылады. Бұл жерде басты назарды маңызды және күрделі мәселелерге
аударып, жекелеген проблемаларды студенттердің өздік
жұмыстарында шешуге
тапсыруға тұрарлық.
Достарыңызбен бөлісу: