Тәрбие заңдылықтары тәрбиенің қоғамдық қажеттілік пен әлеуметтік
жағдайға тәуелділігінен туындайды да, жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу, білім
беру процестерінің өзара байланыстылығына, тұтастығына негізделеді.
Педагогикалық үрдістердің заңды байланыстарын ескеру ұжым мен жеке
тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың неғұрлым тиімдірек тәсілдерін таңдап алуға
мүмкіндік
береді.
Әрбір
тәрбиеші
мен
тәрбиеленушінің
өзара
ынтымақтастығын дамыту жолын көрсетеді. Ынталандыру құралдары мен
әдістерінің орнын, мәнін ашуға көмектеседі, орынды қолдануға мүмкіндік
береді. Жеткіншектердің дамуында іс-әрекет пен қарым-қатынастың маңызды
рөл атқаратындығы, тәрбие процесін ұйымдастыруда балалардың жас және
жеке, жыныстық ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Осы негізге сүйене
отырып басты заңдылықтарды бөліп алуды жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: