- зияткерлікке салық салу: білімнің ғылыми-техникалық жаңалықтарға және
экономикалық құрылымдарға, білімге сол арқылы мәдениеттің гүлденуі
қоғамдық прогресс осының барлығы зияткерлік қолдау арқылы жаңғырады.
Сонымен қазіргі Қытайдағы білім жүйесі мынау: мектепке дейінгі білім,
бастауыш мектеп, толық емес орта мектеп, толық орта мектеп, университет,
аспирантура.
Педагогикалық білім: педагогикалық қолледж, педагогикалық университеті,
институттары бар. Педагогикалық колледжге толық орта біліммен 1-курсқа
түседі. Теледидар арқылы оқу университеті – компьютерден бұрын пайда
болған, оны көру арқылы жоғары білім – дианыли дашийө – деп атайды.
Университеттерде 4 –жылдық бакалавр және бес жылдық білім беру түрлері
бар. Пединституттарда кәсіби пәнімен қоса, әдістеме, педагогика, психология
оқытылады. Жоғары білімнен кейінгі білім аспирантура, доктарантура түрінде
жалғасады.
Білімді бағалауда жазбаша – объективті сұрақтарға жауаптар жазбаша тест
секілді жазылады. Субъективті – өз түсінігі бойынша жауап беретін сұрақтар
қолданылады. Сұрақтардың бірнеше түрлері бар: а,б,с, талдау; қате-дұрысын
ажырату; бос орын толтыру; анықтамаларға жауап беру, өз түсінігі бойынша
баяндап жауап беру.
Жоғары оқу орындарында 4 рет емтихан тапсырады, сосын әр жолғы алған
бағасына қарай жылдық қорытынды пайызбен шығарылады. Қытай Халық
Республикасының мектептегі білім саласынан үйренетін тұсы оқушыларды
еңбекке тәрбиелеудің практикадағы қуаттылығы, айталық ақыл-ой еңбегі
болсын, дене еңбегі болсын кұлшына кіріспесе нәтиже болмайтындығын
оқушылардың ұғынып шығуы; тәрбиенің ұлттық мәнін ұғымтал жүзеге
асырылуы білім берудің ерекшелігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: