Сөздіктерде, кұзіреттілік - білім, білік, дағдыларына сүйеніп мәселені өз
бетінше шеше алатын мүмкіндігі бар жеке тұлға; теориялық, танымдық және
тәжірибелік іскерлігін меңгеру дәрежесін көрсететін тұлғаның білімділік
деңгейі. Ал педагогикалық кұзіреттілік - оқыту, тәрбиелеу, білім беруге
байланысты білім, білік, дағыдалырын пайдаланып кез келген педагогикалық
мәселені өз бетінше шешу мүмкіндігі бар кәсіпқойлық. Педагогикалық
кұзіреттілікке
жақын
келетін
«педагогтың
кәсіби
құзіреттілігі»,
«психологиялық кұзіреттілік», «психологиялық-педагогикалық кұзіреттілік»
деген
ұғымдар
бар.Педагог
ғалымдардың
зерттеулеріне
қарағанда
педагогикалық құзіреттілік білім, білік, дағдылар және іс-әрекетті жүзеге асыру
тәсілдері кіреді. Педагогикалық құзіреттілік жайлы зерттеулеріне сүйене
отырып педагог ғалымдар оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы,
Ю.Н.Емильянова кең мағынада педагогикалық құзіреттілік - белсенділіктің
әлеуметтік және жеке тұлғалық формасын жоғары деңгейде меңгерген,
тұлғаға өз қабілеттері ауқымында қоғамда табысты қызмет атқаруы-дейді.
Е.И.Оғаревтың пікірінше педагогикалық құзіреттілік - бұл бағалау
санатына жататын ұғым. Ол бойынша адамды арнайы іс-әрекетте
сипаттайды, мұндағы маңыздысы - адамның қабілеттері істі кәсіпқойлықпен
орындауына, жауапкершілікті шешімдер қабылдауына, іс-қимылын жоспарлау
және жүзеге асыруына алып келеді де қойылған мақсатты табысты орындап
шығады. Басқаша айтқанда құзыреттілік - адамның іс- әрекетін білімдарлықпен
жүзеге асыруға қабілеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |