Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 Дәріс 1


Дәріс 7. Дүниетану сабақтарында оқуда қиындықтары бар және дарынды балалармен түзету-дамыту жұмыстарын құру негіздері Мазмұны



бет19/28
Дата22.09.2023
өлшемі133,49 Kb.
#181991
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Лекция тезистері

Дәріс 7. Дүниетану сабақтарында оқуда қиындықтары бар және дарынды балалармен түзету-дамыту жұмыстарын құру негіздері
Мазмұны:
1. Мүмкіндігі шектеулі (ЗПР) және «тәуекел тобы» (группа риска) балаларының даму ерекшеліктері.
2. Түзету-дамыту жұмыстарын құруда стандартты емес формалар мен әдістер

«Тәуекел тобындағы балалар» бұл кейбір жағымсыз факторлардың әсерінен қиын жағдайға тап болған балалар. Балалардың толық дамуы үшін қолайлы және тұрақты жағдайлардың болмауына байланысты олар «тәуекел» тобындағы балалар санын толтырады. Балалардың даму үдерісіне әсер ететін факторлар: олардың жас және дербес ерекшеліктері, қолайсыз әлеуметтік орта, әлеуметтік және педагогикалық немқұрайлылық, сонымен қатар физикалық немесе психикалық кемшіліктер және т.о.с. факторлар.


«Тәуекел тобындағы» балалар - бұл мұғалімдер, тәрбиешілер, ата аналар және басқа мамандар ерекше назар аударуды қажет ететін балалар санаты. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың «тәуекел топқа» түсетін оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін, отбасындағы жағдайын, басқалармен қарым қатынасқа түсу механизмі және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығықты алдын-алу мәселелерін зерттеген ғалымдар көп: Г.А. Уманов, С.З.Зиманов, Г.С.Сапарғалиев, М.Т. Баймаханов, Ш.Б.Жанманбалаева және т.б. Л.А.Рыбакова және тағы басқа ғалымдардың пікірінше, балалар «тәуекел тобына» туылғандықтан емес, көбінесе әртүрлі қауіп факторларының әсерінен пайда болады. Осы факторлардың ішінде келесі негізгі топтарды бөліп көрсетуге болады:
- биологиялық-медициналық (денсаулық, тұқым қуалаушылық және туа біткен қасиеттер, психикалық және физикалық дамудағы бұзылулар, құрсақішілік даму жарақаттары және т.б.);
- әлеуметтік-экономикалық (отбасының материалдық мәселелері, отбасындағы қолайсыз психологиялық климат, ата-ананың әдепсіз бейне өмірі, қоғамда өмір сүре алмау және т.б.);
- психологиялық (өзінен бас тарту, невротикалық реакциялар, эмоционалдық тұрақсыздық, құрдастар мен ересектер арасында қарым-қатынас және өзара әрекеттесу қиындықтары т.б.);
- педагогикалық (балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, психикалық даму қарқыны оқыту кезде есепке алмауы, сондықтан бағдарламалар мазмұнының сәйкессіздігі пайда болады; оқуға деген қызығушылықтың болмауы, оң тәжірибені қабылдамауы, оқушы деген бейнесіне сәйкес келмеу және т.б.).
Дәл осы факторлардың әсерінен балалар тәуекелге ұшырайды. Әдетте бұл балалардың келесі санаттары бөлінеді:
- айқын клиникалық-патологиялық белгілері жоқ, бірақ жалпы дамуында ақауы бар балалар;
- әртүрлі жағдайларға байланысты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- дисфункционалды, әлеуметтік жағынан қолайсыз отбасынан шыққан балалар;
- әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін отбасы балалары;
- әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық дезадаптация көріністері бар балалар.

1

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет