Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы.
Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады.
Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді. Мінездеме
қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады.
Мұнда ұсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік
шеберлігі айтылады. Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған
қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация
қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында "атқарып отырған
қызметіне лайық", "қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық" немесе "атқарып
отырған қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады. Жеке
(функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін,
икемділіген т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не
мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзарту үшін"т.б.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Тақырыпты,
өмірбаяндық мәліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге
болады.Мінездеме кейде жоғары жағында мекеменің аты, логотипі, фирмалық белгісі
көрсетілген арнайы бланкілерде жазылады. Әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге
жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен
расталады. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады. Мінездеме ресми стильде,
бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады
(беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).
Құттықтаухат
мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды
мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданады. Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса
қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады. Содан кейін құттықтау себебі жазылады.
Құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет.
Құттықтаухат құттықтаушының аты-жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілмен
деген сөздермен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: