Дәріс тезистері 1 дәрістің тақырыбы: Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері


К.К.Платоновтың жеке тұлға концепциясы



бет23/24
Дата11.01.2022
өлшемі86,25 Kb.
#111283
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дәріс тезистері
Тасболат Ардак, жм 5 курс каз, Туған жердің таланттары ереже, Туған жердің таланттары ереже

К.К.Платоновтың жеке тұлға концепциясы.


Бұл концепция жеке тұлғаны құрылымдық көзқарастың идеяларын жүзеге асырудың айқын үлгісі. К.К.Платонов жеке тұлғаны динамикалық жүйе ретінде, яғни уақыт ағымында өзгеріп отыратын, оның құрамындағы қызметтерін сақтап қалған элементтер мен олардың арасындағы байланыстардың құрамын өзгертетін жүйе ретінде қарастырады.

Осы жүйеде автор жеке тұлғаның төрт құрылымын бөліп көрсетеді. Құрылымдардың бөліну деңгейі төмендегідей:

 биологиялық пен әлеуметтіктің тума мен өмір жағдайында пайда болғанның, процессуалды мен мазмұнының қатынасы;

 жеке тұлғаның әрбір құрылымға енетін қасиеттері іштей жақындастығы;

 әрбір құрылым қалыптасудың өзіндік ерекше құралына ие (тәрбие, оқыту, жаттығу);

 құрылымдардың объективті түрдегі иерархиялық тәуелділігі;

 жеке тұлға негізін түсінуде пайдаланылатын тарихи белгілер;

 жеке тұлға психикалық қасиеттердің жиынтығы ретінде;

 жеке тұлға адамның тәжірибесі ретінде;

жеке тұлғаның биологизациясы;

 жеке тұлғаның әлеуметтенуі;

Жеке тұлғаны талдауда осы белгілерді пайдаланып автор оның құрамында төмендегі негізгі құрылымдарды бөліп көрсетеді.



  1. Жеке тұлғаның моральды қылықтар түрінде көрінетін бағыттылық пен қатынастырының құрылымы. Олардың тума нышандары болмағандықтан олар тәрбие жолымен қалыптасады. Сондықтан да осы құрылым әлеуметтік міндеттелген деп аталуы мүмкін. Ол қызығушылықтарды, құмарлықтарды, бейімділіктерді, ұмтылыстарды, идеалдарды, сенімдерді, дүниетанымды қамтиды. Бұның барлығы жеке тұлғаның қатынасы көрініс табатын бағыттылықтың көріну формалары К.К.Платонов бойынша осы құрылымның өлшемдерін әлеуметтік психологиялық деңгейде қарастыру керек.

  2. Жеке тұлға қасиеттерінің биологиялық, тіпті генетикалық тұрғыда міндеттелген әсері бар, оқыту жолымен алынған білімдерді, дағдыларды, іскерліктерді және әдеттерді біріктіретін тәжірибе құрылымы. Осы құрылымның сапаларының дамуының алдыңғы қатарлы формасы – психологиялық-педагогикалық болып табылады.

  3. Психикалық процестердің даралық ерекшеліктерінің немесе естің, эмоционалдық түйсінулердің, ойлаудың, қабылдаудың, сезімдердің, ерік қызметтері құрылымы.

Психикалық процестердің даралық ерекшеліктерінің қалыптасуы мен даму процесі жаттығу жолымен жүзеге асады, ол негізінен даралық психологиялық деңгейде зерттеледі.

  1. Жеке тұлғаның жыныстық және жас ерекшелік қасиеттері мен типологиялық қасиеттері (темперамент) енетін биопсихикалық қасиеттер құрылымы, осы құрылымның қасиеттерінің қалыптасу процесі, анығырақ айтқанда олардың өңделуі жаттығу жолымен жүзеге асады.

Жеке тұлғаның “осы құрылымға кіретін қасиеттері мидың физиологиялық ерекшеліктеріне тәуелді, ал әлеуметтік әсерлер оларды тек субординациялайды және орнын толтырады”. Осы құрылымның белсенділігі жүйке жүйесінің күшімен анықталатындықтан, ол тіпті молекулярлық деңгейге дейін психофизиологиялық және нейропсихологиялық деңгейде де зерттелуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет