Дәріс.№19-20. Тақырыбы: Паразитті және паразитті емес арамшөптердің өкілдері және оларға қысқаша сипаттама


Күнбағыс сұңғылшы (Заразиха подсолнечниковая, Оговаnсhе сumаna)



бет2/8
Дата19.12.2021
өлшемі22,25 Kb.
#103275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс.19-20

Күнбағыс сұңғылшы (Заразиха подсолнечниковая, Оговаnсhе сumаna). Сұңғыла тұқымдасына жататын біржылдық паразитті арамшөп.Сабағы қоңыр-сары түсті, түбіне қарай жуандай түседі, биіктігі жарты метрге дейін жетеді.Бұл арамшөп тұқымы арқылы көбейеді. Жемісі қауашық, онда 2000 -ға дейін тұқым пайда болады. Бір өсімдігі 100-160 мыңға дейін тұқым бере алады, ал бір гектардағы тұқым саны 90 млн. данаға жетуі мүмкін. Тұқымы ұсақ (мөлшері 0,5-0,45мм) және жеңіл, сондықтан желмен және сумен кеңістікте тез тарайды. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 5-10 жыл бойы сақтай алады.Жер 20-25 градусқа қызғанда өніп шығады. Сұңғыланың көктеуі күнбағысты сепкеннен соң 1,5-2 айдан кейін басталады. Ең алдыментамыр жүйесі дамыған кезде топырақтың төменгі қабатында жатқан тұқымдар өніп шыға бастайды, бірақ олардың саны аз. Сұңғыла темекі, көкөніс, бау-бақша және басқа дақылдарды күшті ластайды. Картоп, сәбіз қырыққабат (капуста) дақылдарын онша ластамайды, ал дәнді дақылдарды, сарымсақты, пиязды, ас қызылшасын мүлде зақымдамайды.Бұл арамшөпте фотосинтез процесі жүрмейді, сондықтан ол қоректік заттарды өсімдік иесінен сору арқылы алып өмір сүреді. Сұңғыла шырынын сорып алған өсімдік- иесі әлсіреп, аяғында қурап қалады.Сұңғыламен ластанған дақылдардың өнімі 50-70 пайызға дейін кемиді.
Паразитті арамшөптермен күрес шаралары. Жоңышқа, беде дақылдарының тұқымынан жөргемшөп тұқымын арнайы тазартқыш машинасы арқылы тазалау керек.

Егістіктердегі, жол жағасында өсіп тұрған жөргемшөпті оның тұқымы пісіп-жетілгенше толық жою оң нәтиже береді. Арамсояудың тұқымы топырақтың беткі қабатын ластайтын болғандықтан, жерді терең етіп сүдігерге жырту керек. Содан кейін ерте көктемде жөргемшөп өскен танапты тырмалау, культивациялау сияқты агротехникалық шараларды жүзеге асыру қажет.

Арамсояуды биологиялық әдіс арқылы да құртуға болады. Ол үшін оған қарсы арамсояу бізтұмсығын, немория және басқа көбелектерді қолданады.

Күнбағыс сұңғыласымен күрестің агротехникалық шаралардың ішіндегі ең бастысы – ауыспалы егіс жүйесін енгізу, былайша айтқанда сұғыладан зиян шегетін дақылдарды өз орнына 6-8 жылдан кейін ғана себу керек. Өңдіріске күнбағыстың және басқа дақылдардың сұңғылаға төзімді сорттарын енгізу.Сұңғыла көп өскен танапқа сүрлемдік жүгері және басқа дақылдарды себу, оларды жинап алғаннан кейін жерді терең етіп сүдігерге жырту. Өсіп шыққан сұңғыланы отап алып өртеу және басқа жұмыстар жүзеге асырылуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет