Дәріс2 КӘсіпорынның айналым капиталы



Дата08.02.2022
өлшемі27,93 Kb.
#120947
Байланысты:
Дәріс2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ

Дәріс2

КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ




Айналым қаражаттары – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтыгы. Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірстік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өімге апарады.
Айналым қаражаттарының айналуы. Материалдық өндіріс салаларының айналым қаражатарының айналуы үщ стаыдан тұрады: ақшалық, өндірушілік және тауарлық және айнылу мына формула арқылы жүреді:
Д – Т ... П ... – Т/ - Д/ (А - Қ ... Ө ... - Д - А/)
мұнда: Д – ақша; Т – тауар (өндіріс құрал-жабдықтары және еңбек ақы); П – материалдық өндіріс процессі; Т/ - дайын өнім; Д/ - өссіммен келген ақша.
Бірінші саты – ақшалық сатыды өнімді өндіруге қажетті өндіріс құрал-жабдықтары сатып алынады және олар өндірістік қор ретінде сақталады.
Екінші сатыда - өндірушілік сатыда өндірістік қорлар өндіріс процесіне қатысып дайын өнім өндіреді.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бүл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, токтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай — әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Айналым қаражаттарының құрамы мен топтастырылуы. Кәсіпорынның айналым қаражаттары өндіріс сферасы (айналым қорлары) мен айналыс сферасында (айналыс қорлары) қызмет жасайды. Өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары айналым қаражаттарының материалдық-заттық құрлымын құрайтын әртүрлі элементтерге бөлінеді.
Айналым қорлары үш топқа бөлінеді:
- өндірістік қорлар (запастар),
- аяқталмаған өндіріс;
- болашақ мерзімдедің шығындары.
Өндірістік қорлар (запастар) - өндірістік процесті жүргізу үшін дайындалатын еңбек заттары. Оладың құрамына мына элементерді кіргізуге болады: шикізатар, негізгі және көмекші материалдар, шалафабрикаттар, отын, жөндеуге арналған қосалқы материалдар, арзан бағалы және тез тозатын заттар.
Аяқталмаған өндіріс - кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша аяқталмаған өнім, өңделу сатысындағы еңбек заттары.
Болашақ мерзімдедің шығындары – осы кезеңде шығарылып жатқан бірақ болашақ мерзімнің өніміне жататын өнімдерді өндіріске дайындау мен игеруге кететін шығындар.
Айналыс қорлары келесідей элементтерден тұрады:
- қоймадағы дайын өнімдер;
- жолдағы тауарлар;
- ақша қаражаттары;
- өнімді тұтынушылармен есептеулердегі қаражатар: дебиторлық және кредиторлық (несиелік) қарыздар.
Айналым қаржатының меншікті нормативі – бұл өндіріс қызметінің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ететін тұрақты минимальды запасты, сонымен бірге аяқталмаған өндіріс және алдағы жылдар шығынын жасау үшін жеткілікті болатын кәсіпорынның ақша қаражаты.

2.1.1 Айналым қаржысының меншікті нормативі


Соб =QgxTн (19)


мұнда Qg – күнделікті тұтыну қажеттігі;


Tн – айналым қаржы капиталының күнделікті нормасы, күн.

Qg = (20)


мұнда Qпл – жоспарланған жылдық айналым қаржысы;
Fпл – жоспарланған кезең бойынша күнтізбедегі күндер саны.

Tн = Ттр + Тпдгтек + Тстр (21)


мұнда Ттр – тасымалдау запасы;


Тпдг - өндірісте тұтынатын материалдарды дайындау уақыты;
Ттек – ағымдағы запас;
Тстр – сақтық запас.
Ағымдағы запас Ттек материал жеткізудің орташа интервалының жартысына тең. Сақтық запас ағымды запастың жартысына тең.
Аяқталмаған өндірістегі айналым қаржыларының нормативі

Носнп = Сд Тц Кнз (22)


мұнда Сд – орташа бір күндік шығындар, тенге;


Тц – өнім дайындаудағы өндіріс циклінің ұзақтығы, күн;
Кнз – шығынның өсу коэффициенті.
Шығынның біркелкі өсуі кезінде:


(23)
мұнда См – негізгі материалдардың жоспарлық шығыны, тг;
Спроч – шығынның басқа элементтері, тг;
С – өнім бірлігін өндіруге кеткен жалпы шығын, тг.
Айналым қаржыларының пайдалану тиімділігін айналымдылық коэффициенті, айналу ұзақтығы және қаржылардың айналымдағы жүктелу коэффициентімен сипаттайды.
Айналым қаржыларының айналымдылық коэффициенті:
(24)
мұнда Qp – кәсіпорынның көптеп сату бағасындағы өткізілген өнім көлемі;
Сос – кәсіпорынның айналым қаржыларының жалпы нормативі.
Айналым ұзақтығы:
(25)
Айналым қаржыларының айналымдағы жүктелу коэффициенті:


(26)
мұнда Qтп – өнімнің тауарлық көлемі, тг.
Егер ағымды кезеңде айналым қаржыларының құны өткен кезеңге қарағанда аз болса айналым қаржыларының абсолютті босатылу орын алады және келесі түрде анықталады:


(27)

мұнда С1ос, С2ос – айналым қаржыларының жоспарлы және фактілі құны (немесе екі салыстырмалы кезеңдегі нақтылы құн).


Айналым қаржыларының салыстырмалы босатылу егер айналым қаржыларының өсу қарқынымен салыстырғанда табыстардың неғұрлым тез өсу қарқыны болса көрінеді:
(28)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет