Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет56/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың 
оқытудың негізгі формасы ретіндегі ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. 
2.
Сабаққа қандай талаптар қойылады? 
3.
 
Сабақ түрлері және олардың құрылымы қандай?
3. Бастауыш мектепте кеңінен қолданылатын сабақтың түрі.
4. Аралас сабақтың құрылымына талдау жасаңыз. Қысқа мерзімді 
жоспардың үлгісін құрыңыз. 
5. Қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар
 
6. Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. 
7.
 
Сабақ ұғымына ғалымдардың берген анықтамаларына талдау жасаңыз. 
 
Дәріс №13 
Тақырыбы

Оқыту үдерісі сапасын педагогикалық бақылау. 
Критериалды бағалау құрылымы 
Жоспары: 
1.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау.
2.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау.
3.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларының нәтижесін есепке алу
4.
Критериалды бағалау құрылымы. 
Білім
- адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, 
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.
Іскерлік - 
алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске 
асырылады.
Дағды 
- бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану.
1. Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі-бақылау, баға қою 
және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының ӛзінше мәні және ерекшелігі 
бар. Олар оқу -тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына 
байланысты. 
Бақылау 
- бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың 
танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы 
мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық- 
педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде кӛмек кӛрсету. Олардың 
шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу 
тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. 


Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше кӛңіл бӛліп, құрмет сезімін 
білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған 
дӛрекі, ӛрескел сӛздер айтып ескерту жасауға болмайды.
Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-
әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамытуы тиіс. Бақылау 
процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу 
жұмысының сапасы туралы толық хабар алу ӛте қажет. Осыған байланысты 
бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, 
тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет